«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда «WorldSkills Kazakhstan» чемпионаты өтті

2017 жылғы 28 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
10695 просмотров

Батыс Қазақстан облысында кәсіптік-техникалық колледждер студенттері арасында үздіктерді анықтады 

Орал қаласында «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты өткізілді. Ең үздік студенттерге медальдар, дипломдар мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

2015 жылдан бастап «Кәсіпқор» Ұлттық Холдингі жастар, оның ішінде колледж студенттері арасында кәсібилік шеберлік бойынша ұлттық байқауларды өткізіп келеді.  Байқауға Қазақстанның намысын халықаралық дәрежеде қорғайтын команданы қалыптастыру мақстаныда  «WorldSkills Kazakhstan» ұйымының талаптары бойынша 18-22 жас аралығындағы жастар қатысады.

«WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының өңірлік байқауы сегіз біліктіліктен тұрады: «Кірпіш қалау», «Дәнекерлеу жұмыстары», «Шаштараз өнері», «Аспаздық», «Наубайшы», «Шанақ жөндеу», «Ағаш ұстасы» және «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары». 

 Чемпионат мақсаты кәсіптік мамандықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау, қол еңбегін қажет ететін мамандықты таңдаған жастарды үздік болуға талпындыру, кәсіптік мамандықтың стандарттарын жоғарылату болып табылады.  Бүгінде бұл өзекті мәселе, сондықтан «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы қолған алынған.

Чемпионаттың ашылуы мен жабылуы салтанатындағы нағыз мереке, жоғары білікті әділ қазы алқасы бұл шараға ерекше мән берді. Чемпионат шеңберінде БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары жастарға 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарласын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Өңірлік чемпионат жеңімпаздары Республикалық чемпионатта бақ сынайтын болады, бас байқау сәуір айында Астана қаласында өтеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер