«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедергілер болмаса, құрылысқа барар еді

2017 жылғы 31 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
8507 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында құрылысқа қатысу үшін қойылатын рұқсат талаптарына қатысты мәселелер көтерілді

Кеңес мүшесі, «БатысТерминалТелеком» ЖШС директоры Гилан Саурбаев Кеңесте мәселенің мән-жайын түсіндірді. Құрылыс саласының қатысушылары ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілетіре сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңалықтармен келіспейді. Атап айтқанда, заңға сәйкес, жобалық қызмет пен құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алуға өтініш білдірген тұлғалар мен осы қызметтерді атқаратын лицензиаттардың құрамында аттестациялық инженерлік-техникалық жұмысшылар болуы керек. Сондай-ақ, заң бойынша жобалау мен құрылыс процесіне қатысатын аттестациядан өткен инженерлік-техникалық жұмысшылармен аталған қызметтерді атқаратын өзге мекемелермен жұмысты қатар атқаруға рұқсат етілмеген.

Өңірдегі құрылыс саласына қатысушылардың айтуынша, бекітілген тәртіп жұмысшыларға аттестат алуды міндеттейтін жаңа кедергіні тудырады, сондай-ақ жұмысшыларды бір ғана мекемеде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұл қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Еңбек Кодексінің нормаларына қайшы.

Екінші үлкен мәселе – аттестациядан өтуге ниет білдірген инженерлік-техникалық жұмысшылардың жұмыс өтілін бекіту. Кәсіпкерлер еңбек өтілі бойынша талап тым жоғары қойылғанын айтып отыр. Мысалы, талап бойынша 1 санатты мамандар үшін 5 жыл: бас инженер, архитектор, құрылымдаушы, ал 2 мен 3 санаттағы инженерлік-техникалық жұмысшыларға еңбек өтілі 3 жыл болуы керек: инженерлер, учаске басшылары, шеберлер. Кәсіпкерлер еңбек өтілі жұмысшылардың білім деңгейін анықтамайтынын алға тартады. Ең алдымен жас мамандар шеттетіледі. Екіншіден, аттестаттау процедурасына тестілеу енгізілген, ондағы негізгі мақсат – сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге қатысты білім деңгейін анықтау. Шектік деңгейден өте алмаған кезде жұмысшының аттестаттаудан өтпегені туралы шешім автоматты түрде шығарылады.

Инженерлік жұмысшшылардың аттестаттаудан өту шығыны да маңызды мәселелер қатарында Кәсіпкерлер жұмысшыларды аттестациядан өткізу шығындары өз мойындарына түсетінін түсінеді. Нарықты бәсекелестік ортаға беретінін есепке алғанда кәсіпкерлердің бұл алаңдауы орынды. Бүгінде аттестаттаудың орташа бағасы 50 мың теңгеден кем емес.

Кеңес Кәсіпкерлер палатасына бизнес субъектілерінің құралысқа қатысуы үшін рұқсат талаптары саласында орын алған әкімшілік кедергілерді жобға қатысты бизнес субъектілері берген ұсыныстарды зерттеуді тапсырды. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді Республикалық деңгейдегі мәселелер тізіміне қосу мәселесін қарастыруды жүктеді. Кеңес мүшелері 1 санатты инженерлік-техникалық жұмысшылар үшін 3 жылға дейін, ал 2, 3 санатты 1 жылға дейін азайту туралы ұсынысты заңнамаға өзгертулер енгізу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдауды ұйғарды. Сонымен қатар, аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық жұмысшылардың қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу турады Заң нормасын алып тастауды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер