«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпорындар дуальді білім беруді дамытып жатыр

2017 жылғы 03 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
7654 просмотров

Батыс Қазақстан облысында кадрларды біліктіліктен өткізудің тиімді жолдары назарға алынды

Бұл туралы Орал индустриялық колледжінде өткен «Мамандарды дайындаудың тиімді жолы – дуальді білім беру» атты жиналыста айтылды.

«Қазіргі таңда дуальды оқыту бойынша 24 колледж және 81 кәсіпорынмен үш жақты 94 келесім жасалды. Барлығы 1518 қатысушы қамтылды. Бүгінде кәсіпорындар мен оқу орындарымен жасалған келісімдердің тиімділігі жайлы сөз қозғаймыз. Мысалдар өте көп. Мәселен «Марасант» ЖШС Орал политехникалық колледжімен, «Стройкомбинат» ЖШС БҚО индустриялдық колледжімен, «Ғайни» шаруа қожалығы Шыңғырлау колледжімен тығыз байланыс орнатты. Кәсіпорындар өкілдері жоспар жасауға, өндірісте практикалық оқытуды жүзеге асыруға атсалысып, шығындарды өз мойындарына алып, құрал-жабдықтың амортизациясы, материалдар шығыны, оқышуларды тамақ пен арнайы киіммен қамтамасыз етуді қолға алған.  Осындай белсенділік оқушыларға болашақ мамандықты игеруге, практикамен етене танысуға зор мүкіндік беріп отыр», – деді ӨКП Адами капитал дамуы бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова.

 Дуальді білім беруді енгізу бойынша өз тәжірибелерімен кәспорындар және оқу ордалары бөлісті. «Ғайни» шаруа қожалығы басшысы 2014 жылдан бастап Шыңғырлау колледжінің әлеуметтік серіктесі болып табылады.

«Оқу ордасы мен «Ғайни» шаруа қожалығы арасындағы ынтымақтастық үздіксіз жүріп жатыр. 2014 жылдан бастап мен кәсіпорынымның кадрлық құрамын осы колледж түлектерімен толықтырып отырамын. Кәсіпорында практика сағаттарына үлкен мән беріледі. Оқу уақытының 60%-ы өндірісте өтеді, біз балаларға жауапты жұмыстарды тапсыруға қорықпаймыз. Осылайша маман істе шындалады. «Ғайни» шаруа қожалығында практикадан өту үшін арнайы сыныптар дайындалған. Арнайы жұмыс киімі, тегін тамақ, жол жүру ақысы мен еңбек ақысы төленеді», – деді Жасқайрат Айсиев.

 Оқу орындары мен әлеуметтік серіктес – кәсіпорындар басшылықтарымен өткен жиналыста нақты мәселелер қаралды. Әлеуметтік серіктестер тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды. Дуальді білім беруді енгізуде орын алып отырған мәселелердің ішінде оқуды өткізуге кәсіпорындарды ынталандыру жұмыстары жүргізілмейтіні айтылды. Көпшіліктің пікірнше дуальді білім беруді тежейтіні – инвестициялар мәселесі. Отандық кәсіпкерлер мамандарды дайындауға шығындалғысы келмейді. Көбінде кәсіпорындар ұзақ мерзімді болжамдар жасай алмайды, сондықтан білім беруге қаржы құю – тәуекел. Ал ҚР Заңнамасы бизнеске маман дайындау үшін  салықтық жеңілдіктер қарастырмайды.  

 Жиналыс қорытындысы бойынша дуальді білім берудегі негізгі міндеттерді анықтап алды. Дуальді білім беру үдерісіне қатысатын ынталандыру, тәлімгер интитутын қалыптастыру, кәсіптік бағдардың тиімді жүйесін құру, дуальды білім берудің инфрақұрылымдық жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар талқыланды. 

 Бұл міндеттер шешілсе кәсіптік дайындықтың жаңа үлгісі қалыптаспақ. Сонда кәсіпорындар білікті әрі білімді мамандармен қамтылып, еңбек ресурстары көтерілетін болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер