«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тексерулер азайды, ал сұрақтар қалды

2017 жылғы 04 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
8630 просмотров

Өңірдің 500-ден астам кәсіпкері «Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет кәсіпкерлікті қолдайды» атты жиналысқа қатысты

Аталмыш шараны ӨКП Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті ұйымдастырды.  Департамент жетекшісі Жайдар Құрманов семинар қатысушыларына республика шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау, әкімшілік кедергілерді азайтубойынша жұмыс істеліп жатқанын хабарлады.   Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бойынша да тексерулер азайтылған. Аранйы тәртіп бойынша тәуекелі көп кәсіпорындарға тексеру жүргізу тәртібі айтылды. Демек, тексерулер саны айтарлықтай азайып, ал кәсіпкерлікті бастауда рұқсат құжаттарды алу үдерісі біршама жеңілдеген.

ӨКП директорының құқықты сұрақтар бойынша орынбасары Нұржан Мақсатов кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығын қорғау палатаның негізгі жұмысы екенін айтты. «Кәсіпкерлер олардың құқығы тапталса бірден бізге хабарлау керек екенін жақсы біледі. Осы ретте кәсіпкерлер де оларға артылған жауапкершілікті сезінуі керек. Әсіресе, кәсіп адам өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты болса. Осы бағытта ӨКП үнемі заңнамаларды түсіндіру бойынша семинарлар өткізіп тұрады».

 Семинар-жиналыс қатысушыларының белсенділігі олардың Палата мен Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қызметкерлеріне қойған сұрақтарынан белгілі болды. Кәсіпкерлер әсіресе тексерулерге көп тоқталды. Департамент жетекшісі белгілі бір заңғанама өзгертілсе, осындай түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылатыны туралы айтты.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер