«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтай Көлгінов: «Кәсіпкерлерді әрдайым қолдауға дайынбыз»

2017 жылғы 06 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
8865 просмотров

Облыс әкімі кәсіпкерлерді апта сайын қабылдауды бастады

Алғашқы қабылдауды Алтай Көлгінов Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында өткізді. Қабылдауға жазылған кәсіпкерлер әкім алдына түрлі сұрақтармен келді, олар көлік-логитикалық инфрақұрылым, Еуропа мен Қазақстанның көліктік қызмет көрсету инетграциясы, мемелкеттік-жекеменшік әріптестік жобалар, бизнес ашу үшін несие алу төңірегінде өрбіді.

 «Бизнес өкілдерімен түрлі алаңдарда бас қосамыз. Бірақ бүгін алғашқы рет осындай форматта кездестік. Кәсіпкерлер палатасында біз тек бизнеске арналған талқылау алаңдарын ұйымдастырамыз. Бұл бастама кәсіпкерлердің өздері қолға алғаны қуантып отыр. Ал әкімдік кәсіпкерлердің мәселелерін шешуде қашанда қолдауға дайын. Егер белгілі бір кедергілер мен мәселелер туындаса, біз оны бірігіп шешуіміз керек. Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында жаппай кәсіркелрлікті насихаттау үшін жұмыс істейтін боламыз» – деді әкім.

«Бүгінде шағын жәнер орта бизнес бәсекеге қабілетті болу үшін мемлекеттік қолдауға зәру, осы ретте көмек көрсеткіміз келеді. Мемлекеттік қолдауды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалар шеңберінде алуға болады. Әзірге аталмыш тетік дами қойған жоқ, дегенмен бұл бағыттың болашағы зор. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша ақпараттар беріледі», – деді Алтай Көлгінов.  Шығыс Қазақстан облысының әкімі мұндай кездесулерді апта сайын өткізетінін хабарлады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер