«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысында «Бизнес ортаны дамыту» жобасы басталды

2017 жылғы 11 Сәуір
- Ақтөбе облысы
4543 просмотров

Аудандардағы кәсіпкерлердің мәселелерін шешу билік пен бизнес арасындағы диалогтан бастау алмақ

«Кәсіпкерлік десант» облысқа қарасты аудандарда шағын бизнес субъектілерін ұйымдастырушылық қолдаудың бір тетігіне айналады. Облыста сәуір айы кәсіпкерліктің уақыты деп жарияланған деп айтуға да болады.

Бизнесті қарқынды қолдау, мәселелерді анықтау мен оны шешуге жәрдемдесу, кәсіпкерліктің жағымды имиджін қалыптастыру, іскерлік ортада ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету – облыстағы аудандардың шағын бизнесін ұйымдастырушылық қолдау тетігінің бірі десанттың міндеттеріне айналған.

«Бизнес ортаны дамыту» облыстық десантында өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мен тренерлерінің, облыстық кәсіпкерлік басқармасы, қаржы институттарының өкілдері және табысты кәсіпкерлердің қатысуымен аудандарда тақырыптық көшпелі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарланған.

Десант аясында Ақтөбе қаласы мен 5 облысты қамту жоспарланған. Алғашқы сарап Байғанин ауданынан басталды. Облыс орталығында кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Өңірлік палатаның қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы, бизнес-тренер Ержан Нұрғалиев Ақтөбенің жас кәсіпкерлеріне шеберлік сағатын өткізді. Білікті маманның сабағына 30 тыңдаушы қатысып, жеке кәсіпті жүргізудің мәселелеріне терең бойлап, ситуациялық сәттерде қандай шешімдер қабылдау керектігін үйренді. Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат табысталды.

«Нақты бір ауданға арналған сапардың бағдарламасын дайындамас бұрын, біз кәсіпкерлер тап болатын мәселелерге талдау жасаймыз. Бұл үшін кәсіпкерлер қауымдастықтарымен, бірлестіктерімен, сондай-ақ шағын бизнесті қолдау қорлары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен байланысамыз. Түрлі деректер орын алған мәселені жан-жақты талдауға әрі оны шешу тәсілдерін ойластыруға мүмкіндік береді. Осылайша, біз барған ауданда мәселелерді талқылап қана қоймай, оның шешу жолдарын да ұсынамыз», – деп түсіндірді десант мүшесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер