«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа Экологиялық кодекс салааралық бірлікті талап етеді

2018 жылғы 01 Ақпан
10988 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Тау-кен қазі және метталургия өнеркәсібі комитетінің 20-отырысы өтті

Оған Комитеті төрағасы, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты.

 Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ Комитеттің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары болды: экология, қайта өңдеу металлургиясы, көмір өнеркәсібі, мамандармен қамтамасыз ету, Дүниежүзілік тау-кен конгресіне дайындық және жаңа Экологиялық кодексі, саланың көліктік дамуы мен геология мәселесі қаралды.  

 Елдос Рамазанов саларалық мәселелер бойынша бір ұстанымға келу керек екенін айтты.

 «Былтыр бір жыл бойы жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуында жергілікті қамту үлесін жетілдіру және вагондарға қосымша құн салығын төлеу бойынша мәселелер көтерілген болатын. Осы сұрақтар бойынша бүгінгі таңда үйлестірілген позиция жоқ. Осы ретте есеп пен статистикалық деректерден құралған, нарыққа қатысушылары үшін жан-жақты ойластырылған шешім қабылдау мақсатында салааралық диалогты күшейтуді ұсынамын», – деді Елдос Рамазанов.

Николай Радостовец бұл идеяны қолдап, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы өкілдеріне басқа салалық қауымдастықтармен байланыст орнатуға әрекет жасауға, құрылымды диалог құруға шақырды.

Экологиялық заңнаманы жетілдіру мәселелрі бойынша Қауымдастықтың Экология және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің директоры Талғат Темірханов баяндама жасады.

Экологиялық Кодекстегі ескірген принциптер негізінене бюджетті «толықтыруға» бағытталған, сондықтан өңірдегі экологиялық мәселелер шешімін таппай отыр. Мәселен, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы деректері бойынша Қарағанды облысына қоршаған ортаны қорғау шараларына ауаға зиян қалдықтарды тастайтын кәсіпорындардан түсетін эмиссиялар мен экологиялық айппұлдардың небәрі 0,7%-ы ғана сол өңірге жұмсалады, Қостанай облысында – 3%, Павлодар облысында –3,2%7  

«Қалыптасқан жағдайларда мынадай қорытныды туады, жергілікті билік өкілдері өңірдің экологиялық проблемаларын шешпей, аймақтың бюджетті толықтырумен айналасады», – деді Талғат Темірханов.  

Сонымен қатар ҚР экологиялық салыиқатр мен төлемндер регламенті кәсіпорындарға шығындардың бір бөлігін қоршаған ортаны қорғауға,  ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін - тазалау құрылғыларын, сүзгілерді, қоршаған ортаға зиянды азайту үшін қымбат келетін эмиссиялық бақылау құралдарын орнату шығындарын өтеу мүмкіндігін көздемейді.

 «Экология мәселесі – 2018 жылдың басты мәсоесі болады. Менің ойымша кәсіпорындар өтейтін экологяилық төлемдерді қызаналық ретінде пайдалануды доғару керек. Сондықтан бүгін жұмыс жоспарын ғана мақұлдап қана қоймай, онымен тұра жұмыс істеуді ұсынамын. Бірінші кезекте бюджет кодексін қайта қарау керек», – деп ұсынды Николай Радостовец.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары экология мәселесінің барлық дерлік салалар үшін өзекті екенін атап өтті.

 «Экология мәселесі Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінде де көтерілген болатын. Мұнай секторы төлемдер мен айыппұлдарға отандық экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына жақындату қажеттігіне назар аударып отыр. Осы бағытта мұнай-газ компанияларымен әрекеттерді бірігіп күшейтуді ұсынамын», – деді Елдос Рамазанов.

 «Атамекен» Экологиялық кодекстің Doing Business (Мәжілісте) Заңы шеңберінде егжей-тегжейлі өзгерістерін де көтерді.

«ҰКП Экология департаменті 301-бап бойынша өзреістерді, яғни полигондарда құрылыс және азық-түлік қалдықтарын көмуге тыйымды шегеруді ұсынған болатын. Бұл өзгерту 2019 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі керек, сонда кәсіпорындар өз құрылыс, азық-түліктік қалдықтарын ешқайда шығара алмай қалады, ал ол қалдықтарды өңдеу үшін бізде сәйкес инфрақұрылым жоқ. Ұлттық палатаның ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Мәжіліспен жүргізетін келіссөздерінде ҰКП бастамаларын қолдауды сұраймын. Бұл әрекет барылқ кәсіпорындар жұмысын қиындата түседі деп санаймыз»,– деді «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Қуаныш Балтабаев.

Қатысушылар жұмысқа қосылып, бұл ұсынысты қолдады, сонымен қатар Комитеттің 2018 жылдық жұмыс жоспары бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер