«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» жаңа Кодекс

2018 жылғы 02 Ақпан
18607 просмотров

Жаңа заңнамада Қазақстанда кедендік шаралар арқылы зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты өзгетулер бар

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» жаңа Кодекс күшіне енді. Кодексте кедендік тазарту мен кедендік бақылау процедураларындағы түрлі өзгертулерден бөлек, зияткерлік меншікті қорғауға қатысты да өзгерістер орын алды.

1. Өтініш формасы

Кеден кодексінің алдыңғы нұсқасында Кеден Реестріне енгізу туралы өтініш еркін формада жазылатын, яғни өтініштің бекітілген үлгісі болмаған, ал Кодекстің өзінде өтініште жазылатын ақпаратқа ғана талап қойылған.

Кодекстің жаңа нұсқасында Кеден Реестріне енгізу туралы өтініш кеден органы бекіткен үлгі бойынша тапсырылады. Қазіргі таңда мұндай үлгі дайындалу үстінде, оған дейін еркін формада өтініш беруге болады.

 2. Құқықты растау

Кодекстің алдыңғы нұсқасында зияткерлік меншік нысанына құқықты растайтын құжаттар тізімінде зияткерлік меншік нысанын тіркеу туралы куәлік, лицензиялық келісімшарт, ҚР мемлекеттік тауар белгісі реестірінен көшірме, немесе ҚР патенттік ведомствосынан халықаралық тіркеудің құқықтық дәрежесі туралы анықтама көрсетілген.

Кодекстің жаңа нұсқасында сондай-ақ тауар белгісінің халықаралық реестрінен көшірме, сонымен қатар зияткерлік меншік нысанын растауға қауқарлы басқа да құжаттар беру жолы арқылы растауға мүмкіндік беріледі.

3. Жаңа құжат

Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауар белгісі немесе авторлық құқық нысаны бар тауарларды заңсыз жеткізілгенін растауды беру туралы талап айрықша жаңалық болып саналады.

Мұндай құжатқа, мысалы, құқық бұзу арқылы жүзеге асырылған белгілі бір тауарларды жеткізуге қатысты сот шешімі жатқызылуы мүмкін. Бұл ереже Кеден Реестріне енгізуге қайта берілетін өтініш тауар импортында зияткерлік меншік құқығы бұзылғанын растамай қаралмайды дегенді білдіреді. Бұл тәжірибеде жүзеге асуы қиын және тауар импортында анықталған құқық бұзушылықтың жоқтығында алдын ала шара қабылдау мүмкін емес.

Кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген елінде орын алған заңсыз жеткізілімнің растауын қабылдайтынына назар аудару қажет. Мұнымен қоса, тәжірибе жүзінде жағдай былайша орын алуы ықтимал: кеден органы тауарларды заңсыз әкелгені үшін жауапқа тарту туралы сот шешімін қабылдап қана қоймай, жеткізілген және Одақ елдерінің ішкі нарығында тұрған тауардарды өткізгені үшін жауапқа тарту туралы шешімді қабылдайды.

Қазіргі таңда тауарлардың заңсыз жеткізілгенін растайтын басқа да құжат түрлерін беру мүмкіндігі талқыланып жатыр, мысалы, жеткізу туралы декларацияның көшірмесі, тауар сатып алу туралы инвойстар, сондай-ақ құқық бұзушыларға ескерту-хаттар мен сондай хаттарға жауап және тағы басқа құжаттар болуы мүмкін.

Дегенмен, егер тауар белгілері Қазақстанның Кеден Реестріне енгізіліп қойған, кедендік қорғауды қолдауға және оның мерзімін уақытында созуға кеңес беріледі, әйтпесе, құқық бұзғанын растайтын құжаттар болмағанда тауар белгісін қайта енгізуде мәселе туындауы мүмкін.

Егер де тауар белгілері Қазақстанның Кеден Реестріне әлі де енгізілмесе, онда тауарлардың заңсыз әкелінгенін растауды алдын ала жинауға кеңес беріледі және «Болотов и Партнёры» ЖШС осындай растауды жинау үшін көмектесуге тырысады.

Егер тәжірибеде аталған өзгеріс зияткерлік меншік нысанын Кеден Реестріне енгізу процесіне түбегейлі әсер етіп, аталған процестің орындалуын қиындатса, «Болотов и Партнёры» ЖШС аталған өзгертуді сот тәртібінде жоюды талап етуге шағымдануды жоспарлап отыр және клиенттерді шағымдануға қосылуға шақырады.

4.Қажетті суреттер

Түпнұсқа тауарлар мен құқығы бұзылған тауарлардың суреттерін Кеден Реестріне енгізу туралы өтінішке қосымша беру керек. Кодекстің алдыңғы нұсқасында сипаттама тауарларды айырып, құқығы бұзылған тауарлардан ажыратуға мүмкіндік беретін болса, түпнұсқа/заңды тауарды нақты сипаттау жеткілікті болды. Жаңа Кодекске сәйкес, өтінішке зияткерлік меншік нысанына жалған немесе қатар импортталатын болса да,  құқығы бұзылған тауардардың суретін қосымша беру қажет.

5. Өтінішті қарау мерзімі қысқартылды

Кодекстің алдыңғы нұсқасында кеден органына Кеден Реестріне енгізу туралы өтінішті қарауға 30 күнтізбелік күн берілген және аталған мерзімді үш айға дейін ұзарту мүмкіндігі де бар. Енді кеден органына өтінішті қарауға 20 жұмыс күні және осы мерзімді 20 жұмыс күніне ұзарту мүмкіндігімен беріліп отыр.

6. Кедендік қорғауды ұзарту туралы өтініш берудің соңғы мерзімі анықталды

Кедендік қорғауды ұзарту үшін кедендік қорғаудың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 15 күн бұрын өтініш беру керек, олай болмаған жағдайда ұзартудан бас тарту және зияткерлік меншік нысанын Кеден Реестрінен шығару қаупі туындайды.

7. Кедендік қорғауды ұзарту процесі екі айға дейін тоқтатылуы мүмкін

Егер тауар белгісін тіркеу ұзартылса, бірақ патенттік ведомство немесе Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы тіркеуді ұзартуды растайтын құжатты жөнелтіп үлгермесе, онда кеден органы тіркеу мерзімін ұзарту туралы құжатты жолдау үшін екі айға дейін мерзім бере алады. Осы уақыт аралығында кеден органдары тауар белгісі бар тауарларды ұстамайды, кедендік қорғау тоқтатылады. Егер аталған екі ай мерзімі ішінде құқық иеленуші тіркеуді ұзартуды растайтын құжатты өткізсе, онда кедендік қорғау Кеден Реестріне қайта енгізу қажеттілігінсіз жаңартылады.

8. Тауар шығаруды тоқтату мерзімі

Тауар шығаруды тоқтату мерзімі азаматтық талап арызын бергенде немесе қылмыстық іс қозғалған жағдайда 10 күнге ұзартылуы мүмкін.


Рубрика «Право интеллектуальной собственности» призвана ответить на эти вопросы, разъяснить что в казахстанском имуществе защищается в качестве объектов интеллектуальной собственности. Рубрика создана Национальной палатой предпринимателей РК «Атамекен» совместно с компанией ТОО «Болотов и Партнёры»

Еншілес ұйымдар

Серіктестер