«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдағы бизнес келешегі

2018 жылғы 20 Ақпан
- Ақмола облысы
5066 просмотров

 Ақмола облысы кәсіпкерлік палатасы Зеренді ауданында ерекше жиын өткізді. Отырыстың тақырыбы мемлекеттік қолдау шараларына арналды. Бұл жиын мемлекеттік органдар қызметкерлеріне бағытталды, атап айтқанда Зеренді және Сандықтау аудандарының ауылдық округтер әкімдері, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлім жетекшілері шараға қатысты

 Биылдан бастап ауылдық округтердің көбінде жеке бюджеті болады. Сондықтан бұл жайт ауылдық бизнестің дамуына жаңа мүмкіндік береді.

 Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов бір ауылдық округ мысалында бизнес дамуының өңірлік дамыту Картасын көрсетті. Таныстырылым кезінде ӨКП директоры бизнестің қандай салаларына басымдық беру өажет екенін атап өтті. Үлгі ретінде туризм, қой шаруашылығы, жол бойындағы сервис сынды бағыттар айтылды. Айта кетелік, округтер әкімдері бәріне ортақ мәселені айтты ол – тұрақты жолаушы тасымаланың болмауы.

 «Бұл мәселе біздің ғана ауданда болып жатқан жоқ. Ауылдан аудан орталығына дейін жол жүру құнының орта бағасы 2,5 мың теңгені құрайды. Бізге автобус арқылы қатынау маршрутын қолға алу керек. Мұнда кезең кезеңді шешім қабылдауды ұсынамын. Біріншіден, округтер әкімдері жүргізушілікке қабілетті адамдарды таңдап, ол адам жұмыспен қамту орталығы арқылы оқып шығады. Сонымен қатар әкімдіктер ірі бизнесті қолдауды бизнестің әлеуметтік жауапкершіліг аясында қамтамасыз етуі керек. Содан кейін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша автомашина алу мақсатында ақрдыландыру алуы керек. Сонымен қатар әкімдіктер арқылы маршрутты субсидиялау мүмкіндігі бар»,– деді Қайрат Сұлтанов.

 Сонымен қатар Қайрат Сұлтанов жол бойындағы сервисті дамытуға ден қоюды айтты. Оның пікірінше Зеренді және Сандықтау аудандарында бұл сала игерілмеген.

Бұл жобаны қалай іске асыру керек жайында «Даму» қоры және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорлары өкілдері түсіндірді. Олар мемлекеттік қолдау шаралары жайында ақпарат берді.

 Аталған түсіндіру жұмыстары өңірде жалғасатын болады. ӨКП Зеренді ауданы бойынша палата филиалының директоры Ержан Малгаждаровтың айтуынша ауыл округтерін аралау тізбегі әзірленген. Осы сапарлар аясында қржы ұйымдары кәсіпкерлермен кездеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер