«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әкім мен құрылысшы арасындағы әңгіменің орайы келмеді

2018 жылғы 22 Ақпан
- Қарағанды облысы
5887 просмотров

Қарағанды облысы Кәсіпкеркелердің құқығын қорғау жөніндегі кеңеске шағымданған бизнесменге ескерту жасалды

Жезқазған қаласы кәсіпкерлер палатасына қаңтар айында «С и Жест» ЖШС басшысы көрсетілген қызмет пен жеткізілген құрылыс материалдары үшін «Астана шаңырак 2030» ЖШС мен «Тавис» ЖШС-ның 2 562 000 және 1 033 000 теңге берешек қарызын өтеп беру мәселесімен жүгінген.

Бұл мәселе қаңтар айындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында қаралды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Сәтпаев қаласының әкіміне аталған мәселені шешуді тапсырған еді. Себебі «Астана шаңырак 2030» және «Тавис» жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Бизнесмен әкімге тікелей барғанымен, бірінші реттен кездесу мүмкін болмады. Дегенмен екінші ретте кездесу өтті. Алайда, шенеунік пен кәсіпкер арасындағы әңгіменің орайы келмеді.

«Әңгіме зор екпінмен өтті. Әкім Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесіне шағымданғаны үшін ескерту жасаған. Мұнымен қоса, құрылысшы оның имиджіне нұқсан келтіргенін де айтқан», – деп Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы назын білдірді.

Алдыңғы жиын қорытындысы бойынша «Тавис» ЖШС «С и Жест» ЖШС алдындағы қарызын қтеді, екінші серіктестік осы жылдың 15 наурызына дейін өтеуге уәде берді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер