«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда газ да жеткілікті, бизнестің мәселесі де көп

2018 жылғы 19 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
6276 просмотров

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ тауарлық газды бөлшек саудамен өткізу келісімшартындағы кейбір тармақтар кедергіге айналды. Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жанын құрылған Энергетика және көлік комитетінің алғашқы отырысында 8.1. және 8.2. тармақтарының дұрыстығы мәселесі көтерілді және кәіпкерлердің нақты мәселесін шешуге бағытталды.

«Бізге әр ай сайын белгілі бір көлемге 100% алдын ала төлем қарастырылған тармақтарға қатысты өтінім білдіреді. Егер газды пайдалану берілген көлемге жетпесе немесе тұтынған газ көлемі асып кетсе, айыппұл санкциясы қарастырылған. Бұл дұрыс емес деп ойлаймыз. Келісімшартта айдың 20-сына дейін түзету енгізіледі деген тармақ бар. Бірақ өндірісте ай сайын қанша газ жағатынымызды анықтай алмаймыз. Біз алдын ала төлеммен газ көлемін сатып алған болсақ та, айыппұл төлеуге мәжбүрміз», – дейді Энергетика және көлік комитетінің төрағасы, Өңірлік кеңес мүшесі Тұрарбек Тілемісов.

Өз кезегінде Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының басшысы Валерий Крылов та осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

«Батыс Қазақстан облысының  қатаң континентальдік климатында келесі айда тұтынатын газ көлемін 5% диапазонда ауытқуымен алдын ала болжау өте қиын. Бұл дегеніміз тұтынушы алынбаған газ көлемінің құнынан 10% мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс немесе жыл мезгіліне қарай 1,2,-1,5 коэффициентті қолдана отырып газды артығымен жаққаны үшін төлеуі керек. Осылайша газ қымбатқа түседі. Бұл шығын өнімнің өзіндік құнына әсер етеді де өнімді тұтынушы зардап шегеді. Бұл түбегейлі дұрыс емес», - деді Валерий Крылов.

Келісімшарт кәсіпкерлерге емес, қарапайым азаматтарға айыппұл салып отыр. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ монополист, сондықтан бизнес субъектілері келісімшарт жасай алмайды. Бұл өндірісті мүлдем тоқтатуды білдіреді.

«Келісімшарттаңы 8.1. және 8.2. тармақтарының талаптары 2011 жылы енгізілді. Егер кәсіпкер онымен келіспесе, Азаматтық кодекс бойынша келіспеушілік хаттамасымен бізге жүгіне алады, оны қарап, тексеруден өткіземіз. Мұнымен қоса келісімшарт келіспеушілік хаттамасымен бірге жасалады», – деді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан Өндірістік филиалы заң бөлімінің басшысы Нұрлыгүл Қойшыбаева.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ және бір өкілі көтеріліп отырған мәселеге қатысты пікірді ортаға салды.

«Батыс Қазақстан облысында газ жеткілікті, сондықтан айыппұл санкциялары бізде қолданылмады. Негізінен бұл басқа облыстарда, мысалы Оңтүстік өңірлерде қолданылады. Онда газды Өзбекстаннан және басқа да республикалардан экспорттап келген. Қыс мезігілінде жеткізуден қиындық туындаған. Батыс Қазқастанның нарығын газбен қамтамасыз ете аламыз, сондықтан айыппұл санкцияларын қолданудың жөні жоқ. Дегенмен Қазақстанның барлық облыстарында тиіптік келісімшарт бірдей. Бүгінде осы мәселе ҚР Жоғары сотында қаралып жатыр. Қандайда бір өзгертулер болса, оған келісеміз», – деді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан Өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Нұржан Жолдасбеков.

Мұндай мәселе Ақтөбе облысының кәсіпкерлерінде де туындағаны анықталды.

«Келісімшарттың 8.1. және 8.2. тармақтарымен келіспеген коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындар келіспеушілік хаттамасын жолдауға құқылы. Егер ол қаралмаса, Азаматтық кодекс бойынша сотқа жүгіне алады. Ақтөбе хром қосылысы зауыты осылай жасаған. Сот процесінің аясында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бұл тармақтарды қайта қарау үшін бейбіт келісім жасау бастамасын ұсынды. Зауыт үшін бұл талап алынып тасталды, 100% алдын ала төлем де жүргізілмейді, келісімшартта тармақ болғанымен, оны ешкім талап етпейді. Газды асыра тұтынғаны үшін де айыппұл салынбайды. Келіспеушілік келісімшартын жолдаңыздар. Егер «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қарамаса, сотқа жүгініңіздер. Ақтөбе облысының тәжірибесіне сүйеніңіздер», – деп түсіндірді Табиғи монополияларды реттеу комитеті  Батыс Қазақстан облыстық департаменті басшысының орынбасары Әлібек Құлжанов.

Кәсіпкерлер бастаған істі соңына жеткізуге дайын, қолданыстағы келісімшарттың 8,1 және 8,2 тармақтарын қайта қарауды талап етіп отыр.

Комитет отырысында логистика және жолаушы тасымалдау мәселесі де көтерілді. Автопаркті жаңартуды субсидиялау, осы саладағы нормативті құжаттардың орындалуы келесі отырыста қаралмақ. Комитет түйткілді мәселелерді «Атамекен» ҚР ҰКП деңгейінде талқылауға шығарады, осылайша бизнес мүддесін қорғау жүзеге асады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер