«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палатада  көшпелі туризм және туроператорларды лизенциялау мәселесі талқыланды

2018 жылғы 14 Мамыр
8061 просмотров

«Атамекен» алаңында көшпелі туризм мәселесіне арналған жиын өтті. Оның барысында көшпелі туризм саласында азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі, «Туристік Қамқор» қорының жұмыс істеуі, сондай-ақ туристік операторлар лицензиясын бөлу мәселелері талқыланды.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті, «Туристік Қамқор» қоры, туристік қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты. Барлық өңірмен бейне-байланыс орнатылды. Жиын модераторы ретінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жүргізді.

«Ішкі және көшпелі турзимге басымдық беруге тырысып отырғанымыз түсінікті, алайда көшпелі туризмнің жекелеген мәселелерін назардан тыс қадырмау керек. Туризм саласында азаматтардың құқықтарын кепілдендіру жүйесі заңнамамен бекітілгенде таяу уақытта барлық механизм нақты жазылып, реттеледі деген келісім болған. Ірі және шағын туристік операторларға бірыңғай талап болуы мүмкін емес екені анық. Алайда бүгінге дейін сараланған жоқ», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

«Туристік Қамқор» қорына қатысты тоқталсақ, нарықтың негізгі қоятын сауалы – Қордың Қадағалау кеңесі неге құрылмады және неліктен жұмыс істемейді? Қазақстан туристік қауымдастығының пікіріне сүйенсек, Қадағалау кеңесінің жұмысы «Туристік Қамқор» қоры жұмысының толық ашықтығын қамтамасыз етер еді.

«Туристік Қамқор» қорының директоры Асылхан Есілов түсіндіріп өткендей, бүгінде Қордың Шұғыл кеңесі құрылған, ол негізгі екі міндетті шешумен айналысады – туристік компанияның кінәсін, банк кепілдігін ашу мәселесін анықтайды. Сонымен қатар 2017 жылдың қараша айынан бастап Қатысушылардың жалпы жиналысы өткізіліп тұрады.

«Барлық есептік ақпарат Қор сайтында жарияланған. Қаржы қайда сақталады деген сауал қызықтырса, банк халықаралық рейтинг есебімен таңдалады. Қаржының бір бөлігі доллармен сақталады», – деп атап өтті Қор директоры.

Өз кезегінде Юлия Якупбаева Шұғыл кеңес пен Қадағалау кеңесі бір ұғым емес екенін, олардың міндеттері әртүрлі екенін айтты. Дәл Қадағалау кеңесі ашықтықты қамтамасыз етіп, Қор шығынына қатысты нарық сауалының барлығын алып тастар еді. Бұл осындай қор қаржысының сақталуы үшін жауапкершілік қолданыстағы заңнамада жазылмағандығымен байланысты. Сонымен қатар, қор қызметіндегі маңызды жайттың бірі – тәуекелді басқару саясаты, себебі нарықты қаржы қайда сақталады, қайда инвестицияланады деген сауал толғандырып отыр.

Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова туристік нарықтың «Туристік Қамқор» қорымен өзара байланысы мен жұмысына қатысты негізді мәселелерді атады.

«Нақты ортақ ұстанымды жасау үшін қайшылық хаттамасын дайындадық, онда кепілдіндіру жүйесі мен қорға қатысты түйткілді мәселелер көрсетілген. Сауалдар негізгі екі бағытқа топтастырылды: бірі – Қолданыстағы заңнамаға Кепілдендіру жүйесінің жұмысына нақты механизмдерді дайындай отырып өзгерістер енгізу, екіншісі – «Туристік Қамқор» қорының жұмысы», – деді Рашида Шайкенова.

Қазақстан туристік қауымдастығы заңнамаға өзгерістулер енгізуде туристік операторлар үшін банктік кепілдендіруді саралау мәселесі анағұрлым маңызды деп есептейді. Кепілдендіру сомасын есептеу мысалы ретінде IATA тәжірибесін қарау ұсынылды, ондағы сома компания есебінен берілген ақпарат бойынша есептеледі. Сонымен қатар Қазақстан туристік қауымдастығы туристік операторларға туристік пакеттерді тек туристік агенттіктер арқылы жүзеге асыруды көрсететін норманы алып тастау керектігін де атап көрсетті.

Рашида Шайкенова атап өткендей, бұл норма жалпы чартерлік бағыттарда қолданылады, ал туристік операторлардың көбі шағын және жеке, эксклюзивті туристік өнім дайындап келеді. Бұл сегментте білім беру, медицина, іскерлік туризм, сонымен қатар туристердің жеке өтінімдері бар, мысалы Ыстықкөл, Ресей Федерациясының курорттары және т.б.

«Заң талабын орындау үшін мен турагенттік компанияны құруым керек. Туристік компаниялардың көбі клиенттің тапсырысына қарай жеке туристік өнім жасайды. Кейде жекелеген қызметті де сатамыз, мысалы тек қана ұшу немесе орналасу. Туристік агентке көп жағдайда толық пакет берілмейді. Егер мен жалпы чартер мен өнімді сатпасам, неліктен туристке тікелей сата алмаймын?» – деді «Complete Service» компаниясының директоры Әбілхан Сәрсембаев.

Осылайша, ең маңызды мәселелер анықталды: түрлі туристік операторлар, оның ішінде кеме жалдаушылар үшін банк кепілдігінің сараланған сомасы, туристік операторлардың жауаптылығы мен уәкілетті орган тарапынан бақылау механизмдері көрсетілген кепілдендіру жүйесі жұмысының механизмдерін нақты жазу. Сонымен қатар, нақты қай туристік пакет туркодсыз берілмеуі мүмкін екенін нақты көрсетуі керек. Ұсыныстар дайындалғаннан кейін нарықтың барлық қатысушыларымен соңғы рет келісу мақсатында қорытынды жұмыс тобын өткізу керек.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Жандос Бірмағамбетов уәкілетті орган саралау пікірімен келісетінін атап өтті, алайда сараланған банк кепілдігінің сомасын есептеу үшін компаниялар көрсететін қызметінің көлемін анықтау үшін аудит процедураларын өткізу қажет.

«Аудит міндетті емес. Басқа механизмдерін табу қажет. Балама ретінде туристік компаниялардың есептілігін қарауға болады. Оның дұрыстығына солар жауап береді. Қазақстан туристік қауымдастығы IATA үлгісінде бір нұсқа ұсынды, нарықтың барлық қатысушысы ұсыныс бере алады. Сонымен қатар осы күнге дейін шешілмей отырса, заңнамада Қадағалау кеңесі жұмысының механизмін жазу керек», – деп пікір білдірді Юлия Якупбаева.

Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Жуаспаева уәкілетті орган нарықтың «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өззертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң тұжырымдамасының жобасы аясында жолданған барлық ұсынысын тағы да міндетті түрде қарайтынын атап өтті.

Қазақстан туристік қауымдастығы лицензиясын бөлу бойынша нақты ұстаным бар, қосымша лицензияны енгізу – туристік операторларға салынған артық ауыртпалық. Қазақстан туристік қауымдастығы көшпелі туризмді ғана лицензиялауды қалдырып, ішкі және елге кіретін туризмді тек хабарлау тәртібінде қалдыруды ұсынады. Алайда нарықтың екінші бір бөлігі келушілер туризмі үшін лицензиялауды алып тастау –  асығыстық шара, себебі көрсетілетін қызметтің сапасы күрт түсіп кетеді деп есептейді.

Туристік нарықтың өкілі Қанат Елеусізов лицензиялауды алып тастаса келушілер туризмінің әлсіз бәсекелестік нарығы осал болып, көршілес елдердің туристік компаниялары мен экскурсия мамандарының алдында (оның ішіне заңсыз) ашық болады деген қаупін жасырмады.

«Біздің нарық дамып келеді, оны барынша қорғау керек, мұнда басты рөл уәкілетті органда», – деді Қанат Елеусізов.

«Бүгінде нарық түрлі әрі серпінді. Мысалы Гурзияда туристер онлайн-брондауға көптеп өтіп жатыр. Біздің туристік операторларымыз да жұмыс бағытын өзгертіп жатыр, жекелеген өнімдер дайныдап жатыр. Сонымен қатар, біз бүгінде шекараға жақын туризм бойынша бірлескен туристік өнімдерді дайындауға ниеттіміз, біздің туроператорлар мен гидтеріміз нарықтан шеттетілмейтіндей етіп ойластыруымыз керек», – деді Юлия Якупбаева.

Жиын қорытындысы бойынша кепілдендіру сомасын саралау механизмдері мен уәкілетті орган тарапынан мониторинг жүргізу ұсыныстарын енгізу; ішкі нарықты қорғау мәселесі бойныша жеке жиын өткізу, туристік операторларды лицензиялау мәселесіне жеке жиналыс жасауға шешім шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер