«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 «Қазақстанның үздік тауары» - Оралдағы «Диана» тігін фабрикасының жаңа орамы

2018 жылғы 03 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
9262 просмотров

Тігін бизнесіндегі бәсекелестік айтарлықтай жоғары, сондықтан 2016 жылы ашылған «Диана» тігін фабрикасы тиімді бағада сапалы өнім ұсынуға ден қойған. 2 жыл ішінде нраықтың жаңа өкілі арнайы киім тігудің табысты да қарқынды дамитын кәсіпорнына айналды.

«Кәсібилерге қамқорлық» қағидатымен жұмыс істеп, кез келген климаттық жағдайда ашық алаңда және арнайы бөлмелерде жұмыс істейтіндер үшін жайлы да қауіпсіз болатын арнайы киім тігеміз. Өдірісте инновациялық шешімдер қолданылады. Шығарылатын өнім сапа бақылауының барлық сатысынан өтіп, бәсекеге қабілеттілігін дәлеледеді.  Біздің ұжымда кәсіби мамандар жұмыс істейді», – дейді өткізу және маркетинг жөніндегі директоры Нұргүл Кенжеғалиева.

«Диана» тігін фабрикасының басты айырмашылығы – еңбекті қорғау саласын тауармен қамту. Клиенттер барлығын да бір жерден сатып ала алады. Шығарылатын өнім сұрыпталымы ауқымды, барлық саланы қамтиды.

Бүгінде жауапкершілігі шектеулі серіктестікте 40 адам еңбек етеді. Осындай аз уақыттың ішінде айтарлықтай жетістікке жетіп, «Қазақстанның үздік тауары», «Алтын сапа» секілді беделді байқауларға қатысуға мүмкіндік алды.

«Байқаудың тәжірибесі зор. Марапат сапаны мойындау ғана емес, компанияның сенімділігін де арттырады, өндіріс пен бәсекеге қабілеттілікке күш салады. Байқауға қатысу деңгейді салыстыруға, дамудың жаңа бағытын іздеуге жол ашады», – дейді компания өкілі Нұргүл Кенжеғалиева.

Кәсіпорын өнім желісін кеңейту жұмысын үнемі атқарып келеді. Мектеп формасы мен өрт сөндірушінің киімін тігуді қолға алған. «Диана» фабрикасы отандық нарықты қамтитындай қауқары бар кәсіпорын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер