«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туризм туралы жаңа бағдарламаның мақсаты қандай?

2018 жылғы 26 Шілде
13733 просмотров

Ел экономикасының бір тармағы-туризм саласы да мемлекет тарапынан қолдауды және ең маңыздысы мемлекеттік-құқықтық реттеуді аса қажет етеді. Нақты бағыт-бағдары, стратегиялық қадамдары бар мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы күн тәртібіндегі өзекті тақырып.

Еліміздегі туризм индустриясын дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен өткен «Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары»  атты жиында сөз болды.

Алқалы отырысқа ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, «KazakhTourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ мемлекеттік  органдармен өзара әріптестік департаментінің директоры Гүлсая Зейнелгабдина,  «Қазақстанның Даму Банкі» аға банкирі  Сансызбай Оқашев, ҚР Экономика министрлігі өкілдері мен өңірлік палаталар (онлайн), бизнес өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева нарықтың реттеушілері мен қатысушылары жыл сайын саланың дамуын талқылап, нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа бағдарламаны табысты іске асыру үшін бұрынғы құжаттарда жіберілген қателіктерді ескеру және қаржыландыруды қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

«Бағдарламаның құрылымын қайта қарап ішкі және сырттан кіретін туризмге арналған шараларды бөлу, сондай-ақ қысқа мерзімді (« жедел әсер ») және ұзақ мерзімді (стратегиялық шаралар) іс-шараларды бөліп көрсету керек,-деп ұсынды  Юлия Якупбаева. - Ішкі туризмде саяхат құнын арзандату, өңірлердегі туристік орындардың дамуы, стратегиялық бағыттарды анықтау және отандық туристік өнімдерді қалыптастыруды ынталандыру шараларын әзірлеу қажеттілігін ескеру қажет».

Юлия Якупбаева сырттан кіретін туризм тармағында брендтеу мәселесіне, қазақстандық туристік өнімдердің жарнамасына, цифрландыруға назар аударды.

«Біз гидтерді дайындау мәселесін көтеруіміз керек. Бұл үшін еліміздің жоғары оқу орындарында тарих және туризм факультеттерімен ынтымақтастық орнатқан жөн. Болашақта логистиканың және осы саладағы қызметтердің арзандауын қарастыруға да келетініміз анық», - деді Юлия Якупбаева.

Ұлттық палатаның басқарма төрағасының орынбасары Бағдарламаны дайындау кезінде жүйелік шаралар бөлімінде инфрақұрылымды дамытуға назар аударуды, рейтингтік жүйені енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруды және қолөнер кластерін дамыту жөніндегі шараларды назарға алу керектігін де тілге тиек етті.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мемлекеттік бағдарлама жобасында жоғарыда айтылған барлық мәселелер қаралатындығын мәлімдеді.

«Біз көршілеріміз бен бәсекелестеріміздің нақтырақ айтқанда - Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан мемлекеттерінің тәжірибелерін тыңғылықты зерттедік. Мысалға өткен жылы Өзбекстан қаржылық ауқымын кеңейтті, елге туристер ағымын екі есеге арттырып, шетелдік туристердің белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сондықтан да жаңа бағдарлама барлық саланы қамтиды. Бағдарламаны дайындау аясында біз осыған дейін Қазақстандағы шеберлер қауымдастығымен, туроператорлармен кездестік », - деді Ерлан Қожағапанов.

Бағдарламаның бастапқы жобасын  «Kazakh Tourism»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов ұсынды. Ол Бағдарламаны іске асыру қаржыландырусыз мүмкін емес екенін айтты.

«Бүгін біз нарықтағы үлесті жоғалтып жатырмыз, яғни бұл кірісті жоғалтып жатырмыз деген сөз. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасының туристік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ЖІӨ құрылымында оның үлесін 2023 жылға қарай 8% дейін жеткізу. Осы мақсатта біз өзімізге төрт негізгі міндет қойдық: индустрияны заңнамалық бастамалар арқылы институттандыру, мемлекеттік қолдау шараларын жүйелендіру, маркетингтік қызметті жандандыру. Бұл мәселелерді шешу сырттан кіретін туризмді дамытудан түсетін табысымыздың 30% -ын құрайды », - деді Қайрат Садуақасов.

Министрліктің тағы бір тапсырмасы туризм картасының көмегімен саланы дамытудың басымдықтарын белгілеу. Картаға 60 туристік нысан кіреді, олардың басым бөлігі Қазақстанның аймақтарында, сондай-ақ сауалнама нәтижелері бойынша елдегі туристердің үлкен ағынын қамтамасыз ететін ТОП-10 орындары бар. Қайрат Садуақасов, бұл ондық ең алдымен қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келуі тиіс деді.

Талқылау барысында Алматыдағы «АТАК» ЖКБ және ЗТ президенті Әсел Нүркебаева тұрғын үй және қоғамдық тамақтану үшін ҚҚС бойынша жеңілдікті қарастыруды ұсынды. Ол сондай-ақ Бағдарламаны дамыту жөніндегі штабты қазақстандық туризмнің нақты мүмкіндіктеріне шоғырландыруға шақырды.

«Біз шындығын айтқанда бес жылда туристер ағымын 10 миллион адамға ұлғайта алмаймыз», - деді Әсел Нүркебаева. Біз мемлекеттік қолдау шараларына қатысты ұсыныстарымызды ғана емес барлық тараптарды қарастыруға талпынып отырмыз. Дегенмен бизнестің барлық ұсыныстар жаңа даму бағдарламасына қосылмай қалады ма деген қорқынышы жоқ емес».

Кездесу барысында қатысушылар статистикаға, бәсекеге қабілеттілікке, кадрлардың жетіспеушілігіне, нысандардың тізімін кеңейту, ұлттық демалыс аймақтарын құруға және кәсіпкерлерге арналған субсидиялау сияқты бірқатар  мәселелер мен ұсыныстарды талқылады. Бағдарламаны дайындау бойынша  штаб жиналысқа қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарын назарға алды, олар:

- қоғамдық тамақтану орындарына, туристік қызметтер көрсететін басқа да объектілерге ҚҚС мөлшерін төмендету мүмкіндігін қарастыру;

- туристік автобустарды қамтамасыз ететін қазақстандық компанияларға қолдау көрсету;

- мемлекеттік бағдарламаға енгізілген мемлекеттік қолдау шараларын нақтылау;

- инвестициялық туристік жобаларды дамыту үшін Қазақстан Республикасының орман қорының жерін жеке меншікке беру мүмкіндігін қарастыру;

- туристік жобалар үшін инвестициялық шекті 2 млрд. теңгеге дейін төмендету;

- туристік объектілер үшін инженерлік коммуникациялардың құрылысын субсидиялау;

- қысқы уақытта туристік нысандарды жылыту үшін (әлеуметтік шығындар деңгейіне дейін) газ құнын төмендету;

- қала маңындағы туристік объектілерде мемлекеттік қызметтерге жеңілдіктер енгізу;

- балаларға арналған лагерьлерге, тұрғын үй-жайларына жабдықтарды орнатуға жеңілдіктер енгізу;

- қолданыстағы салалық бағдарламаларды ортақ мәселелерді шешу тұрғысынан синхрондау;

- қазақстандық авиакомпаниялардың авиациялық жанармайын қосымша субсидиялау.

Кездесу барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті ҚР 2016 ж, 14 қаңтардағы №13 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» ҮҚ  енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

«Біз мемлекеттік қолдау шаралары бойынша көп жұмыс жасадық. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев туризм саласын қамтитын Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл шаңғы инфрақұрылымын дамытуды қолдау шаралары. Тақырыптық демалыс аймақтарын дамыту, қонақ үйлер салу және осы бизнесті дамыту, жол қызмет көрсету саласын және курорттық индустрияны дамыту да  экономикалық қызметтің бір түрі», - деп атап өтті Ерлан Қожағапанов.

Вице-министр сарапшылар қауымдастығының, ҚР МСМ және «Атамекеннің» күш-жігерінің арқасында  бұл сала мемлекеттік органға немесе инвесторға жеңілдіктің бес түрін алуға,олар: жер грантын алу, кедендік тарифтерден, жердегі, мүлік және КТС салықтарын төлеуден босатуға мүмкіндік беретін басты тізімге енгізілгенін атап өтті. Жобаның құны 4,9 млрд теңгеден кем болмауы тиіс. Біз орта және ірі инвесторларға көңіл бөлдік,-деді.

Бизнестің жауапкершілігін арттыру үшін шектеулер енгізілген болатын. Инвестициялық жобалар шарт бойынша ауылдық жерлерде немесе шағын қалаларда болуы тиіс, олар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға берілуі тиіс.

«Біз толықтай блок сұрадық, соның ішінде инвестициялық субсидиялар да бар. Айтқандай қызмет көрсету саласы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен алынып тасталған екен.

«Атамекен» Doing Business өзгерістер пакетінің шеңбері аясында  Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізуге тырысты, бірақ ол уақыт аясына кірмеген болып шықты. Келесі түзетулер пакетінде қызмет көрсету секторындағы ұсыныстарымыз бар, содан кейін біз инвестициялық гранттарды талап етуге мүмкіндігіміз болады деп ойлаймын.

Әзірге, бүгінгі күнгі шешімге сәйкес, бизнес оларды талап ете алмайды. Сондай-ақ біз Вице-премьер деңгейінде туризмге арналған инвестициялық жобалардың шегін төмендету мәселесін талқыладық. Бізде ірі өндірістер бар, сонымен қоса шағын туризм бар. Біз ауылдық жерлерде алпауыт компаниялар  қонақ үй бизнесі инфрақұрылымын құрмайтынын білеміз. «Атамекен» шекті 2 миллиард теңгеге дейін қысқартуды ұсынады », - деп қорытындылады Юлия Якупбаева.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша шешімдерді белсенді ұсынды. ҚР «Атамекен» ҰКП туристік сала комитетінің төрағасы Павел Казанцев барлық қойылған сұрақтар елеусіз қалмайтындығын ескертті. Сондай –ақ  П. Казанцев Қатысушыларды Бағдарлама бойынша барлық толықтыруларды «Kazakh Tourism»ҰК» АҚ-на мына электронды поштаға:  hotline@qaztourism.kz жіберуге шақырды.

Отырыс соңында Ерлан Қожағапанов Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы алаңында жауапты мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және өңірлердің өкілдерінің қатысуымен бағдарлама құрылымының әрбір блогын тез арада қайта қарауды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер