«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Визалық іс-шаралар күн тәртібінен түспей келеді

2018 жылғы 01 Тамыз
9423 просмотров

«Атамекеннің» алаңындағы екінші отырыс 2019-2023 жылдарға арналған Туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасына дайындық аясында өткізілді.

Алқалы жиынның басты тақырыбы визалық және көші-қон режимін жетілдіру мәселесі болды.

«Бүгінгі таңда шетелдік туристерді қабылдайтын туристік фирмалар мен қонақ үйлер бірқатар проблемаларға тап болады. Негізгі мәселелер - визалық шақыру құжаттарын ресімдеу, ADS-визаларын алу, шетелдік азаматтарды тіркеу және олардың ұлттық парктерде орналасуы кезінде туындайды. Әлі де «Бүркіт» порталының әлсіз қызметі, заң талаптарын бұзғаны үшін айыппұл төлеу мәселелері өткір тақырып. Бизнестің қордаланып қалған проблемалары Мемлекеттік бағдарламаны дайындау барысында түбегейлі шешімін табуы керек»,-деді ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары «Юлия Якупбаева.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекеттік органдар Ұлттық палатамен бірлесе отырып, визалық тәртіпті жақсарту бойынша бірқатар тиімді шаралар қабылданғанын атап өтті. Айта кетейік, бұған әлемнің 64 еліне визасыз режим енгізу, виза беру мерзімін қысқарту және Қытай мен Үндістан азаматтары үшін Қазақстанда визасыз режимде 72 сағаттық визасыз режим енгізу кіреді.

Виза және көші-қон режимін жетілдірудің негізгі механизмдеріне арналған таныстырылымда ҚР МСМ сарапшылары соңғы 5 жылда Қазақстан көрші елдерден туризмді дамыту көрсеткіштерінен артта қалғанын нақтылады.

«Қазақстан «халықаралық ашықтық», «маркетинг», «туристік қызмет саласы», «инвестициялар және көлік инфрақұрылымы» сияқты көрсеткіштерді жетілдірмегендіктен өз позицияларын жоғалтты. Бүгінде Қазақстан үшін басты нарық - Ресей, Үндістан және Қытай, олардағы өсім 30%. Сондай-ақ, Таяу Шығыс, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдері », - деді Илья Савин.

Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанның визалық режимді одан әрі сақтауы үшін мүмкіндігі зор екендігін атап өтті. Мысал ретінде Илья Савин Әзірбайжанның тәжірибесін пайдалануды ұсынды. Мәселен, 2015 жылы Ирак азаматтары Бакуге келгенде виза алған. Нәтижесінде туристік ағын 30 есе өсіп, 62 мың адамға жеткен.  2016 жылы виза алу тәртібі жойылды, бірақ Бағдатта консулдық ашылды. Сол жылы туристер саны 83 мыңға дейін өскен.

Халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелері бойынша штаб Қытай, Үндістан және Иран азаматтарына виза алу тәртібін өзгертуді ұсынды. Таяу Шығыстағы елдерге келу кезінде визасыз режимді немесе виза беру мәселесін қарау ұсынылады.

 «Біз «шенгендікі» сияқты тәртіпті ұсынамыз. Бір жылға дейінгі қысқа мерзімді виза алу үшін азаматтардан шақыру құжаты талап етілмейді, тек жұмыс орнынан алынған куәлік, есеп-шот туралы мәлімет, қонақүйден ваучер керек. Біз бақуатты туристерге, зейнеткерлерге, оқушыларға, кәсіподақтар мен кәсіпорындар жіберген туристерге виза алудың жеңілдетілген тәртібін қарастырамыз», - деді Илья Савин.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу аясында штаб Өзбекстанның тәжірибесіне негізделген «Е-мейманхана» жүйесін енгізуді қарастыруды ұсынды. Штаб мүшесінің сөзіне қарағанда бұл жүйе кемпингтерде, қонақ үйлерде және басқа да тұрақ орындарында қалған барлық шетелдіктерді «жіксіз» тіркеуге мүмкіндік береді. Толық тіркеу уəкілетті органға туристердің қонақ үйлерде орналасуы туралы статистиканы береді және жүйеге кіру құқығы қауіпсіздік органдарына да беріледі.

Өз кезегінде Юлия Якупбаева мынадай ұсынысын білдірді:

«Қорғау, қауіпсіздік тұрғысынан киберқауіпсіздікке, жеке деректерді қорғауға арналған белгілі бір талаптарымыз бар. Қазіргі кезде шетелдіктерді тіркеуге көмектесетін «Бүркіт» порталы бар емес пе? Екіншіден, «E-мейманхана» жүйесі аймақтарда Интернетке сапалы қолжетімділік болмаған жағдайда қалай көмектеседі деген сұрақ туындайды. Ақпаратты ҰҚК қалай қабылдайды? Өзіміздегі бар порталды жұмыс істету керекпіз. Оны жетілдірсек өзімізге тиімді әрі арзан болады », - деді ол.

Қонақ үйлер өкілдері «Бүркіт» БАЖ порталының визалық-көші-қон электронды тіркеу бөлігінде проблемалардың бар екенін растады.

Тағы бір проблема, топтық ADS-визасын беруден бас тарту мысалдары көбейіп отыр. «Туризм саласының Ұлттық Қауымдастығы» ЗТБ президенті Аия Құсайынованың айтуынша, топта 1-2 адамнан бас тартқан жағдайда, туристік агенттік құжаттарды қайтадан тапсыруға мәжбүр, бұл уақытты артық шығынды талап етеді. Ал көші-қон қызметі бас тартудың дәлелді себептерін атамайды. Сонымен қатар, статистика көрсеткендей, шақырудан бас тарту 30-40% -ға жеткен. Бизнес электрондық виза бағытына көшуді ұсынды.

Өз кезегінде, ҰҚК өкілі 15 мыңнан астам адам өтініш білдірген, оның 500-ге жуығы рұқсат алғандығын айтты. Комитет өкілі Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және техникалық мүмкіндіктерімізді ескере отырып электронды визаға көшу ертерек екендігін ескертті.

 «Кочевник» ұлттық туристік компаниясы» ЖШС бас директоры Бақдәулет Ташманов көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық-атқару жүйесін гуманизациялау туралы айтты:

Көші-қон туралы заңнама бұзылған жағдайда, туристі ұшақтан алып тастайды және айыппұл  өндірілетінін бәрі біледі. Бұл процесс қарапайым емес, әдетте, кірушілер тарапынан наразылық басым. Біз бірінші рет заң талабы бес күннен аспайтын жағдайда бұзылса туристік бизнестің өкілдеріне ескерту жасау керек. Егер бұл қайталанса заң бұзғаны үшін - рейспен түсірместен айыппұл салуды, ал үшінші рет заң бұзылса – санкцияларды толық қолдануды ұсынамыз.

Өз кезегінде, «Премьер-тур» ЖШС директоры Валерия Топольняк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, бірінші рет заң бұзылған жағдайда жазалаудың бір түрі бар, кейінгі бұзушылықтарда одан әрі қатаяды. Алайда, туроператордың пікірінше, көші-қон ережелеріне сәйкес, көші-қон режимін бірінші рет бұзылған жағдайда компанияның кәсіпкерлік қызметіне нұқсан келеді, бір жылға дейін шетелден туристер шақыру құқығынан айырылады және бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің ережелерін шектейді.

Сондай-ақ, шетел азаматтарының келуін хабарлау тәртібі туралы қызу пікірталас өтті. Бақдәулет Ташманов қонақүйлер көші-қон қызметіне үш күнге дейін қалған қонақтар туралы хабарлама бермеуге мүмкіндігі барын тілге тиек етті. Сонымен қатар, егер турист әрбір  қонақ үйде үш күннен тұрса, бірақ елде болу мерзімі бұзылса онда қалай болады?

Туроператорлар хабарлама пішіні мен механизміне қатысты сұрақтарды көтерді. Бизнес өкілдері болса мемлекеттік бағдарламаны дайындау барысында электронды хабарлама беру тәртібін қарастыру  мәселені әлдеқайда жеңілдететінін нақтылады.

Бұдан басқа шекара мен су қорғау аймақтарында шетел азаматтарының болу мәселесі қозғалды. Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаеваның айтуынша, Үлкен Алматы көліне күн сайын көптеген шетелдік туристер келеді. Үкіметтің қаулысына сәйкес, бұл объект шекаралық бақылау режимнің шектеуінен және арнайы рұқсатсыз шетелдіктердің туристік объектіде болуына рұқсат берілді. Тәжірибе көрсеткендей, бақылаушы органдардың өкілдері жиі-жиі шетелдік туристерді тоқтатып, айыппұлдар салады.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, ол 2023 жылға дейін туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Заң жобасының тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Сонымен қатар, қатысушылар визалық және көші-қон мәселелері бойынша жұмыс тобын құруға келісті, сондай-ақ айтылған мәселелер мен ұсыныстарға қатысты қауіпсіздік күштерінің жазбаша түрдегі ұстанымын сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер