«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ұлы дала елі» байқауы мен «Іскер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

2018 жылғы 11 Желтоқсан
12369 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының лауреаттарын жылсайынғы салтанатты марапаттау рәсімі аясында «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын беру байқауының жеңімпаздарына сыйлық табыс етілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жеңімпаздарды марапаттады.

Биылғы жылы дауыс беру қорытындысы бойынша төрт кәсіпорын байқау лауреаттары атанды:

1)  «ПИК ASTANA Ютария ltd» ЖШС (Астана қ.) марапат компанияның бас директоры Сәуле Шәуеновға табысталды;

2) «КНАУФ ГИПС Қапшағай» ЖШС (Алматы облысы) марапат компанияның бас директоры Александр Ефименкоға табысталды;

3) «Орал трансформатор зауыты» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) марапат компанияның директоры Ақжол Сауранбаевқа табысталды;

4) «МИЛХ» ЖШС (Қостанай облысы)  марапат компанияның директоры Сергей Блокқа табысталды.

Биыл «Ұлы дала елі» байқауы Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен өткізілді.

Сондай-ақ «Бизнес Кемелділік» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары анықталып, Текелі тау-кен өңдеу кешені директоры Бақыт Шалбаев  пен «Maker» ЖШС директоры Талғат Алдыбергенов марапатталды.

Сыйлықты 2016 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП арнайы жариялаған және өнім экспортына бағытталған отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

«Ұлы дала елі» байқауының жеңімпаздарын анықтау екі кезеңде жүргізіледі: комиссия мүшелерінің кәсіпорындарға шығу қорытындылары негізінде компаниялардың қызметін бағалау және қоғамдық онлайн-дауыс беру. Биыл байқау Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен өткізілді.

Сондай-ақ марапаттау рәсімі аясында кәсіпкерлік қызмет саласындағы «Атамекен» ҚР ҰКП «Іскер» арнайы сыйлығының иегерлері есімі жарияланды.  

«Іскер» сыйлығының иегерлері: «Zhulduz» ЖК «Мария ханым»  сән үйі басшысы Жұлдыз Хұспанова (БҚО), «Galex Plus Саран тігін-трикотаж фабрикасы» ЖШС басшысы Галина Бланкина (Қарағанды облысы), «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС басшысы Надежда Шабаева (Ақтөбе облысы), «ЕвразияИнвест Ltd» ЖШС директоры Қадірбек Мейрамбеков (Қарағанды облысы), «Пасека семьи Пилипушко» ШҚ басшысының орынбасары Ярослава Пилипушко (СҚО), «The CHEF delecatessen» компаниясының директоры Артем Марченко (Астана), «Пасека» шаруа қожалығының атқарушы директоры Айбек Нұртазин (ШҚО), «Роза-киіз илеу комбинаты» ЖШС директоры Альбина Ахметова  (ШҚО), «Жекенова Асель» ЖК басшысы Әсел Жәкенова (Маңғыстау облысы), «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС директоры Гүлия Жүзенова (Шымкент қ.).

Естеріңізге сала кетейік, сыйлыққа үміткерлер байқауға қатысуға өтінім берген, бірақ лауреат және дипломант болмаған үміткерлер арасынан таңдалады.

Сыйлыққа үміткерлерді іріктеуді комиссия ашық дауыс беру арқылы жүргізеді.

«Іскер» сыйлығын алуға үміткерлерді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Төрағасы бекітеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер