«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде жер телімдерін беру мәселесі талқыланды

2019 жылғы 21 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
6456 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жергілікті атқарушы органдардың сауда-саттық өткізу кезінде ҚР Жер кодексінің талаптарын бұзу мәселелері қаралды

Сонымен қатар монополияға қарсы тергеу аясына бизнес субъектілерін негізсіз жауапқа тарту жағдайлары талқыланды.

 Көп кәсіпкерлерге бизнес жүргізуге жер телімін алу өзекті мәселе болып отыр. Осы мәселелердің бірі – жергілікті органдардың мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқық беру бойынша сауда-саттық жүргізбеуі.

 «Жергілікті атқарушы органдар аукцион негізінде бас тартылған жер учаскелерін сатудың тоқсан күндік мерзімін жиі бұзады, жер телімдерін аукциондарда беруден бас тарту орын алады. Атап айқанда, бірінші жартыжылдықта облыс бойынша жер телімдерін бөлу бойынша 22 өтінім қабылданбаған. Соның ішінде 16 өтінім бойынша тоқсан күндік мерзім бұзылған», – деп хабарлады БҚО Кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің сарапшысы Валентниа Гаршина.

Жыл басынан Кәсіпкерлер палатасына шағыммен 117 кәсіпкер келген, өтінімдердің 30%-ы жер мәселесіне қатысты. Облыста геоақпараттық портал да жұмыс істемейді, ол жер телімдері туралы толық деректерді бермейді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің барысыеда бұл мәселелер өкілетті органдермен егжей-тегжейлі талқыланып, осындай ситуацияның себебі анықталды.

 «Бірінші кезекте облыс әкіміне әрі қарай талдау мәселесі туралы хабарлаймыз. Өзіміз бұл мәселеге нүкте қою үшін проблемаларды тереңірек талдаймыз. Бірінші кезекте кәсіпкерлер зардап көрмеуі керек.  Нәтижесінде немесе 90 күндік мерзіммен шектеліп, қай орган жұмысты аяғына жеткізбей жатқаныны анықтап отырамыз, немесе қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселе көтереміз. Қазіргі таңда позициямыз осындай», – деді Валентина Гаршина.

 Кеңес барысында аталып өкендей, негізінен проблемалармен шағын және орта бизнес субъектілері келеді. Сонымен, бизнесті дамытудың жақсаруының жалпы көрінісіне қарамастан, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретін фактілер кездесуде. Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін бизнес субъектілеріне қатысты негізсіз әкімшілік іс қозғау түткілді мәселе болып отыр. Жиын соңында аталған мәселелердің барлығын шешу жолдарын қарау, бизнеске заңсыз қысым жасауды жоюға атсалысу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер