«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай «Достық» өткізу пунктінде жүк көліктерінің кіруіне шектеу енгізді

2020 жылғы 02 Шілде
3851 просмотров

30 маусымнан бастап жүк көліктердің жүргізушілеріне уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚР ҰҚК қызметі

Көлік құралдарын қабылдау күн сайын сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін жүзеге асырылады. Көлік құралына жүк тиеу/түсіру және оны Қазақстанға жөнелтуге 3-4 сағат жұмсалады.

«Достық» өткізу пунктінде жүк көліктерін өткізу қабілеттілігі төмендейді деп күтілуде, демек Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылының маңындағы жол бойында көлік құралдары жиналады», делінген хабарламада.

Жүргіузшілер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес Қытайда Алашанькоу бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері және қытай жүк көліктері жүргізушілерінің арасында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны артқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер