«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды өңірінде алғашқы мото-мектепті «Бастау» түлегі ашты

2020 жылғы 27 Қазан
- Қарағанды облысы
8813 просмотров

Белгіленген бағыт бойынша жүріп, ұсақ-түйек түйткілдерге мойымай алға ұмтылса, табысқа қол жеткізуге болады. Осындай пікірді Валерия Руссу ұстанады, ол бала кезінен мотоциклды тізгендеп, оған басқаларды үйретуді армандады. Арманы «Бастау Бизнес арқылы орындалды

 Бұл ермек Валерияға әкесінен берілді, әкесі жас кезінде мотоциклдың құлағында ойнаған. Ол мотоциклмен жүру, желмен жарысу, құстай ұшып еркіндікті сезіну қаншалықты керемет екенін қызына жиі айтқан. Осы сезімдерді қызы да сезінгісі келді, бірақ өкінішке қарай арманды кейінге шегеруге тура келді.

 Тоғызыншы сыныпты аяқтаған соң Валерия А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжге түсті. Диплом алған соң, мектепке ағылшын мұғалімі болып орналасты.

 Мотоспорт саласында кәсіп бастай алатыны жайында бойжеткен былтыр ойлана бастаған. Ол құрбыларынан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы «Бастау Бизнес» жобасы туралы естіді.

 «Пандемия салдарынан оқу кейінге шегеріле берді. Шын айтсам, эмидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты күдерімді де үздім. Алайда маусым айында бізді шақырып, кәсіпкерлік негіздіремін таныстырды, салық қызсметіне есеп тапсыру, жеңілдікті кезеңдер, мерзімдер туралы ақпарат берді. Кураторымыз болды, бизнес-жоспар жазуға көмектесті. Бір-екі аптадан соң комиссия идеямды қолдады. Сәтті қорғап 555 мың теңге грантын алдым. Өте қуаныштымын! Өзім кәсіп бастай алатыныма мүмкіндік берді. Қанат бітірді», – деді жас кәсіпкер.

 Жеке мотомектепті Валерия Руссу тамыз айында ашты. Қысқа мерзімде жеткізушілер мотоциклдер, эпикировка және конустарды жеткізді. Қарағандыда қажетті орынжай да тез табыла кетті. Кәсіпкердің Сараньда да филиалы ашылды.

 Алғашқы оқушылар да тез табыла кетті. Қатысушылар жасы 16-35 жас аралығында. Оларға жүргізу және маневрлеу негіздері оқытылады, ережелерді қатаң ұстану үйретіледі.  

«Жуырда тәлімгеріммен сөйлестім, маған жаңа бағдарламаларды қолдану арқылы бизнесті кеңейтуді ұсынды. Жақсы ұсыныс, басқа жобамен грант немесе жеңілдікпен несие алуға болады. Жоспарым көп», – деді мектеп жетекшісі.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер