«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО рестораторлары: «Қайда барарымызды білмейміз»

2020 жылғы 22 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
7857 просмотров

Орал қаласының мейрамахана мен банкет залдарының иелері облыстың бас санитар дәрігері және қала әкімі  Абат Шыныбековпен кездесті. Кәсіпкерлер мекере күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады.

 Алғашқы кездесу облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықта өтті. Наразы бизнесмендер жаңа жыл қарсаңындағы күндері жұмыс істеуге рұқсат сұрады. Кәсіпкерлердің көбі жыл басынан тапсырыстар мен несиелерді алып, енді қарыздардын төлей алмай жатыр. Тіпті жеке заттар мен мүлікті сатуға дейін жеткен», – деді облыстың бас санитар дәрігері Мұғамғали Арыспаев. Оның айтуынша қазіргі кезде өзгерістер жасалмайды, тіпті шектеу шараларын күшейту күтілуде.

 

 «Жұмыссыз әрі кіріссіз өткен 10 ай қиынға соқты. Мейрамханаларға 50 адамға дейін шектеумен жұмыс істеу жарамайды. Ғимараттар қала шетінде орналасқан, келушілерді жай ғана тамақтану үшін тарту мүмкін емес. Біз  санитарлық талаптарды қатаң ұстанумен ас, кішігірім банкет өткізуге рұқсат сұраймыз», – деді Жеміс Сәрсенғалиева.

 Алайда қала әкімі үкіметтің тапсырмасын аттай алмайтынын айтты.

 «Соңғы ведомствоаралық комиссияның соңғы қаулысына сәйкес Орал, сондай-ақ бүкіл Қазақстанда 25 желтоқсан-5 қаңтар аралығында карантиндік шаралар күшейтіледі. Ситуация күнде өзгеріп жатқаны белгілі. Уақытша қолайлы жағдай босаңсуға себеп болмауы керек».

 Мәселе өзекті. Бірақ рестораторлар қала әкімдігіне күнде келіп, жұмыс істеуге рұқсат сұрауға ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер