«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Іскерлік клуб» форматындағы халықаралық ынтымақтастық

2021 жылғы 15 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
6116 просмотров

Әр өңірдің өз ерекшелігі бар. Барлық облыстағы Өңірлік кәспкерлер палаталары кәсіпкерлердің мүддесіне өкілдік ететінін ескерсек, кәсіпкерлерден келіп түсетін өтінімдер белгіленген тәртіпте қаралуда.

Мәселен, соңғы уақытта БҚО Кәсіпкерлер палатасы соңғы кезде РФ Сауда-өнеркәсіп палаталарымен байланысты белсендіре түсті. Атап айтқанда шекаралас Самара, Волгоград, Орынбор, Астрахан, Саратов облыстары.

 Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері мен бірлескен бизнес жобаларын ілгерілету мақсатында олардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсетіледі.

 2021 жылы ақпанда Кәсіпкерлер палатасы Самара, Орынбор, Астрахань және Волгоград облыстарының Сауда-өнеркәсіп палаталары арасында Іскерлік клуб құру туралы келісімге қол қойды.

  Өңір басшысы Ғали Исқалиев тараптардың өзара әрекеттесуіне мүдделі болуы қуантады. Ақпан айында Самара облысының губернаторымен өткен онлайн-кездесуде әкім БҚО бизнесмендерге қашанда ашық әрі шекаралас аймақтардың дамуы мен нарықтарына шығуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

 Бірлескен жұмыс бұған дейін де жүргізілгенін атап өткен жөн. Енді қарым-қатынас күшейтіліп, үйлестірілді, өйткені осы бастамаға көршілес өңірлердің бірінші жетекшілері қосылып отыр.

 Іскерлік клубтың мақсаты – кәсіпкерлік субъектілеріне олардың мүдделерін қорғау және құқықтық саладағы кедергілерді жою арқылы сауда-экономикалық қызметте көмек көрсету, – деп хабарлады БҚО ӨКП директоры Нұржан Мақсотов. – біз шекаралас әріптестерімізбен диалогқа әркез дайынбыз. Жақын арадағы жоспарларға ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі талқылайтын жұмыс кездесулері енген.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер