«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

2022 жылғы 16 Наурыз
- Алматы қаласы
15422 просмотров

Орталықты құрудың негізгі мақсаты әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, оқыту, кооперация және қажетті біліктіліктерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру.

 Қазақстанның 14 өңірінде Ұлттық экономика министрлігінің «Ынтымақтастық қоры», ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП серіктестігі аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды.  Бастама Азия Даму банкінің есебінен қаржыландырылады және оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады.

Қазіргі кезде 2021 жылдың қарашасында ашылған орталықтарға 500-ден астам әйел келіп, оқудың негізгі тақырыптарын анықтау үшін осы өңірлердегі қажеттілікке талдау жүргізілді. Жақын арада әйелдердің анықталған қажеттіліктері бойынша алғашқы оқу курстары жүргізіледі.

Қазақстанда еңбекке қабілетті халық арасында әйелдер 7 миллион адамды құрайды, бұл ерлерге қарағанда 350 мыңға көп. Егер Қазақстан экономикасының салаларында әйелдерді жұмыспен қамту құрылымына қарайтын болсақ,  әйелдердің үлесі өндірістік емес салада басым болады. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау мен білім беруде әйелдердің үлесі 72%, тамақтану және орналастыру қызметтерін ұсыну саласында – 64%, қаржы саласында – 57%, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 57%-ды құрайды.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, кәсіпкер әйелдер бизнес жүргізуге аса жауапкершілікпен қарайды. Олар салық есептілігін уақытылы тапсырып, несиелер бойынша төлемдерді кешіктірмейді.

«Қыз-келіншектердің экономикаға белсенді қатысуы қоғам мен экономика жетістігінің негізгі факторы. Біз кәсіпкер әйелдердің саны артып, сондай-ақ олардың экономиканы дамытудағы маңызы артып келе жатқанын көріп отырмыз. Олар экономиканың қозғаушы күшіне айналады, сондықтан біз әйелдерді қолдау және бастамасын ілгерілету маңызды деп санаймыз. Әйелдер бизнеске жауаппен қарайды. Бірақ  кәсіпті енді бастағанда барлық мүмкіндікті есептеу, тәуекелдерді бағалау, жұмыс істейтін бизнес-жоспар құру үшін білім мен біліктілік жетіспей жатады. Сондықтан да біз кәсібі бар немесе өз ісін ашуға бел буған  әйелдерді осында шақырамыз, онда олар бизнесті ашуға немесе жүргізуге байланысты түрлі мәселелер бойынша тегін көмек ала алады», – деді орталықтың ашылуында Айтуар Қошмамбетов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер