«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі қазақстандық тауар өндірушілерді шекара маңындағы нарықтарға шығару бағдарламасын әзірлеуді ұсынады

2022 жылғы 12 Мамыр
- Ақтөбе облысы
8053 просмотров

Қазақстанның Ресеймен шекаралас өңірлерінде бизнес ашуға деген қызығушылық ешқашан бәсеңдеген емес, дегенмен көршілермен етене араласу оңай болмай тұр, - бұл туралы Ақтөбе облысының кәсіпкерлері бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновпен өткен дөңгелек үстелде айтты, іс-шараны Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған болатын. Оған Өңірлік кеңестің, мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің өкілдері қатысты.

Өңірлік кеңес мүшесі Талғат Хамитов ресейлік кәсіпкерлердің біздің елде бизнес ашуға деген қызығушылығы артып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді, олардың импортты алмастыру бағдарламасы жергілікті тауар өндірушілерді банкротқа ұшыратуы мүмкін.  Ал қазақстандық кәсіпорындарға шекаралас мемлекеттің нарығына шығу оңай болмай тұр, бірқатар кедергілер бар.

«Алаңдаушылық танытып отығанымыз рас. Дегенмен, біршама мүмкіндік те бар. Осыған байланысты Өңірлік кеңес мүшелеріне бизнесті белгілі бір жеңілдіктермен өзара сауда нарықтарына шығару мәселелерінде шекара маңындағы өңірлердің өзара іс-қимылын нығайту бағдарламасын әзірлеу бойынша қосылуға және ұсыныстар әзірлеуге шақырамыз. Меморандум немесе келісім, тіпті мемлекеттік бағдарлама түрінде ұсыныс түсер деген ойдамыз», - деп толықтырды Ақтөбе облысы КП Өңірлік кеңесінің төрағасы Асхат Айтжанов.

Өңірлік палатамен бірлесіп, ҚР шекара маңы өңірімен сауда-логистикалық байланыстарды жолға қою мәселесі пысықталатын болады.

«Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша қазір импортты алмастыру бағдарламасы әзірленуде. Біз бірінші нұсқаны алдық және бір ай бұрын осы бағдарламаға сыни талдау жүргіздік. Қазір бұл бағдарлама әзірленіп жатыр және отандық өндірушіні қолдау бойынша шаралар әзірленетін болады», — деп атап өтті өз кезегінде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов.

Өз кезегінде Қазақстанның Нарықтар, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары қауымдастығы Ақтөбе филиалының төрағасы Дмитрий Довматенко жеке кәсіпкерлерге салық салудың күрделі нысанына қатысты шағым айтты.

«Мен бұл жүйеде шамамен 25 жыл бойы қызмет етіп келемін және өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың өсіп, жеке кәсіпкерлерге айналғанын көріп жүрмін. Сондай-ақ, олар тәжірибе жасайтын алаңға айналғанына да көз жеткіздім – кіріс құжатынан бастап, КТС, ҚҚС және олар біздің ең ірі зауытқа айналғандай. Сондықтан осы мәселені реттеу керек. Салық салудың қандай да бір жеңілдетілген нысаны болуы тиіс.  Мен Голландияда, Германияда болдым, онда базарға бардың, тауар алдың, кеттің, болды. Чектер де, кассалық аппараттар да жоқ. Экономикалық дамыған ел. Ал бізде POS-терминалдар, кассалық аппараттар, үш компонентті интеграцияланған жүйе бар. Оған бәрі жүктелді. Тұтас зауыт дерсің. Жеке бухгалтерия болуы керек. Халықты жұмыспен қамтып отырған да сол ШОБ. Мұны да назардан тыс қалдыруға болмайды», — деді Дмитрий Довматенко.

Сондай-ақ сот медиациясына, ЖК статистикалық есептілігіне және т.б. қатысты мәселелер көтерілді. Өңірлік кеңес төрағасы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өңірде көптеген мәселелер шешімін табатынын атап өтті. Неғұрлым өткір, салалық салалар Үкімет деңгейінде пысықтауды талап етеді.

«Менің өңірлерге сапарларымның негізгі міндеті - жергілікті жерлерде жинақталған мәселелердің ауқымын анықтау. Сапар алдында өңір кәсіпкерлері айтқан барлық мәселелерді зерделеймін. Облыс басшылығымен міндетті түрде кездесемін. Елордаға келіп жатқан проблемалық мәселелердің 90%-ын жергілікті жерлерде шешуге болады деп сеніммен айта аламын», - деді Рустам Жүрсінов.

Жеке қабылдауда айтылған кәсіпкерлердің мәселелерін бизнес-омбудсмен облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуде талқылағанын атап өткен жөн. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова қатысты.

Ақтөбе өңірінің бизнес субъектілерінің проблемалық мәселелері талқыланды. Олардың ішінде жер мәселелері және құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты объектілер құрылысының құнын түзету қажеттілігі өткір тұр. Құрылыс материалдары құнының тұрақты қымбаттауына байланысты мемлекеттік сатып алу шеңберінде объектілердің құрылысын аяқтауда қиындықтар туындайды, соның нәтижесінде тапсырыс беруші оларды жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз беруге мәжбүр болады, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұл сомалары бірнеше есе көтеріледі.   

Іссапарының соңында бизнес-омбудсмен Ақтөбе қаласының Индустриялық аймағында болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер