«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада соңғы үш жылда экспорт көлемі 80 пайызға артты

2023 жылғы 10 Қаңтар
- Қызылорда облысы
8923 просмотров

Қызылордалық бизнесмендер 2019 жылы Кәсіпкерлер палатасынан 1021 экспорттық сертификат алған болса, 2020 жылы 1377, 2021 жылы 1823 құжатқа жетті. Былтырғы деректерге сүйенсек, өсім бар – көрсеткіш 1829-ға жетті. Бұдан соңғы жылдары сұраныстың артқанын көруге болады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Пірмұхаммед Сыздықов «көрсеткіштің өсуі соңғы жылда нарықта эскпортқа өнім шығаратын жаңа кәсіпкерлердің пайда болуынан» деп түсіндірді.

«Біздің өңірден жиі эскпортталатын өнімдер – балық пен күріш. Бұдан өзге,  мұнай өнімдері, цемент, кварц құмы, сондай-ақ өткен жылдың соңынан бері шыны өнімдері экспортталып жатыр. Шыны зауытынан шығып жатқан өнімдердің алғашқы легі Өзбекстан, Тәжікстан, Ресейге жіберілді», – дейді Пірмұхаммед Сыздықов.

Арал мен Қазалының балық өнімдері тауарға жоғары талап қоятын Франция мен Қытай елдеріне де экспортталып жатыр.

«Балық өнімдерімен Қытай нарығына шығып жатқан кәсіпкерлеріміздің еңбегі ерекше. Себебі онда талап өте жоғары», – деді Палата басшысы.

Сонымен, өткен жылы Қызылорда облысынан өндірілген өнімдер Украина, Тәжікстан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Түркия, Мальта, Франция, Данияға экспортталған.

Бұдан бөлек былтыр кәсіпкерлер Палатадан ішкі айналымға арналған 117«СТ-КЗ»сертификатын алған. Аталған құжат мемлекеттік және өзге де сатып алуларда қолданылады.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының мамандары 2019 жылдан бастап 14 индустриалды сертификат рәсімдеп, оған қырыққа жуық өзгерістер енгізіп, жаңартты.

Экспорттық, индустриалды және «СТ-КЗ» сертификаттарына қатысты сұрақтары бар бизнес өкілдері Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына 8 /7242/ 40-09-81 байланыс нөмірі арқылы хабарласуына болады. Жауапты мамандар:Ләззат Тәжібаева, Айман Сәдуова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер