«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Комитет құрамы 20 кәсіпорынмен толықты

2023 жылғы 13 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
5838 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасының салалық комитеттерінің жұмысы биыл өнеркәсіп және индустрияландыру комитетінің отырысынан басталды.

Айта кету керек, «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталары жанынан 833 бизнес субъектісін біріктіретін 98 салалық комитет қызметін жүзеге асырады. БҚО кәсіпкерлер палатасы жанынан 6 салалық комитет жұмыс істейді. Олардың құрамында  тұрақты жұмыс істейтін 54 мүше, 120-ға жуық кәсіпкер белгілі бір салаға қатысты түйткілді мәселелерді шешу жолдарын талқылау және іздестіру үшін шақырылады.

Өнеркәсіп және индустрияландыру комитетінің жиындарында қаралатын мәселелер экономикалық интеграция департаменті, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік даму департаменті, сондай-ақ БҚО облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сауда департаментінің қызметімен байланысты.

Өнеркәсіп және индустрияландыру комитетінің төрағасы Фарид Бахтиозин бір жылға арналған жұмыс жоспары әзірленген негізгі міндеттерді атап өтті: түйткілді мәселелерді анықтау және шешу; бизнес құқығын қорғау, нормативтік-құқықтық актілерді сараптау; саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу; кәсіпкерлердің құзыретін арттыру; өңіраралық салалық өзара іс-қимыл; PR-ілгерілету.

Бұдан әрі спикер өңірдегі тау-кен өндіру және өңдеу салаларының өнеркәсіп дамуының қорытындысы мен перспективалары туралы ақпарат берді. Содан кейін Комитет мүшелері өңірдің тауар өндірушілері үшін өзекті түйткілді мәселелерді талқылады.

Осы мәселелердің ішінде Ресей Федерациясынан жекелеген тауарларды әкетуге шектеу; Ресей Федерациясының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге рұқсат беру тәртібі; Ресей Федерациясының өткізу пункттері арқылы ағаш материалдарын Қазақстан Республикасының аумағына жіберу мәселелері.

Жиынға қатысушылар (тауар өндірушілер) БҚО және жалпы Қазақстан тауар өндірушілерінің сыртқы экономикалық қызметін қиындатқан Ресей Федерациясының нормативтік-құқықтық актілерін атап өтті.

 Барлық өзекті мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің мамандары түсініктеме берді. Алдағы уақытта мамандар туындаған түйткілді мәселелерді шешуге жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізеді деген шешім қабылданды.

Өнеркәсіп және индустрияландыру комитетінің отырысына өнеркәсіп саласының бизнес субъектілері, оның ішінде 2023 жылға арналған комитет құрамына енгізілген 20 кәсіпорынның өкілдері қатысты.

Ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, «Сила воли – Күш жігер» ЖШС басшылығы БҚО Кәсіпкерлер палатасына кәсіпорынның өнімдерін ҚР шегінен тыс жерлерге әкетуге жәрдемдескені және рұқсат құжатын алу үшін құжаттарды тапсыру рәсімін жеделдеткені үшін алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер