«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» алаңында жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

2023 жылғы 04 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
6923 просмотров

БҚО кәсіпкерлер палатасында облыс бойынша еңбек мобильділігі орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – халықты жұмыспен қамту кезінде туындайтын түйткілді мәселелерді талқылау.

Кездесуді өңірлік палатаның адами капиталды дамыту бөлімі ұйымдастырды. Бөлім көп жыл бойы өскелең ұрпақ арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді.

 Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова іс-шараға қатысушыларына «Атамекен» өңірлік палатасының білім беру ұйымдарымен жұмысы, оқушыларды жұмысшы мамандықтар және техникалық кәсіптер әлемімен таныстыру мақсатында өзара іс-қимылы қалай құрылғаны туралы ақпарат берді. Бұл жұмыста бизнес субъектілерінің қатысуынсыз нәтижелілікке қол жеткізу мүмкін емес екені айтылды.

 Палата өкілінің айтуынша, облыста өз аумағына мектеп оқушыларын қабылдап, кәсіпорын жұмысымен таныстыра алатын 14 компания бар. Осындай өндірістік экскурсиялар арқылы орта буын оқушыларында өндіріс процесін көруге мүмкіндік бар. Мұндай шара балаға болашақ мамандықты  өнеркәсіппен байланыстырып, дұрыс таңдау жасауға да негіз болуы мүмкін.

Кездесу барысында бірқатар мәселе көтерілді. Оның бірі – Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимылдың болмауы.

Облыстық Еңбек мобильділігі орталығының директоры (бұрынғы атауы – Жұмыспен қамту орталығы) Аэлита Абулхаирова жұмыссыздарды жұмысқа орналасуын қиындататын тенденцияға назар аударды. Бұл дегеніміз жұмыс берушілер үміткердің кәсіби тәжірибесінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, оларға жіберілген азаматтарды жұмысқа қабылдаудан бас тартатын немесе еңбекақыны төмендететін жағдайлар (бұл жайт әлеуетті жұмысшыларды үрейлендіреді).

 «Содан кейін жұмыс берушілер бізге ешкім жұмысқа келмеді деп шағымданады», – деп атап өтті Аэлита Абулхаирова.

ӨКП сарапшысы Ерлан Адиев еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізілімін әзірлеу қажет деп санайды. Спикердің айтуынша, жұмысты кадрларға деген қажеттілік тұрғысынан ірі кәсіпорындарға сауалнама жүргізуден бастау керек. Бұл ретте, егер кәсіпорын дамығысы келсе, мамандарға деген қажеттілік екі-үш жыл бұрын болжануы қажет.

 Бұл ретте БҚО кәсіпкерлер палатасының Адами капитады дамыту бөлімі «Мектеп оқушыларына арналған мамандықтар атласын» әзірлеген, сондықтан осы бағытта тәжірибесін бөлісе алады.

«Атамекен» ӨКП қызметкерінің пікірінше, әлеуеттік жұмысшыларды іздеу процесін «Үздік 100 түлек» базасы да оңайлатады. Бұл электрон жүйеге жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждердің теория мен практикада жақсы нәтиже көрсеткен түлектері туралы деректер енгізілетін болады. Базаның сәтті интеграциясымен еңбек мобильділігі орталықтарының жұмысы айтарлықтай жеңілдетіледі.

 «Атамекен» ӨКП өкілдері маман табу мәселесіне жан-жақты қарау керегіне назар аударды. Мәселен, қандай бір объектінің құрылысы жүріп жатқан кезде мемлекет, жеке жұмыс берушілер құрылыс жұмыстары сатысында жұмысшыларды іздеуге қамқорлық жасауы керек.

«Әдетте іс жүзінде өндіріс іске қосылуға дайын тұрған кезде онда жұмыс істейтін мамандар болмай жатады. Мұндай жағдай 2015 жылы оралдық бір кәсіпорында орын алды. Зауыт ашылды, ал жұмыс істейтін мамандар болмай шықты. Кәсіпкер бізге жүгініп, біз мәселені шешуге көмектестік. Палата жергілікті Аграрлық-техникалық колледжбен байланысқа шықты, оқу орны зауытқа 30 түлекті дайындап берді. Қазіргі кезде бұл қыз-жігіттер зауытта жетекші мамандар.  

Ұсыныстарымызды тыңдап жұмыс беруші өз жұмысшыларына жатақхана ашты бір мезгіл тамақтануды ұйымдастырды. Осылайша кәсіпорынды тұрақты мамандар қамтамасыз етті.

 Ұжымға қолайлы жағдай жасауға ұмтылу керек. Ал мамандарға деген қажеттілікті алдын ала ойластырған жөн», – деді Айгүл Әбілқайырова.

Кездесуге қатысушылар мамандардың көрші өңірлерге немесе тіпті шетелге кетуі мәселесін талқылады. Мұның себебі, әрине еңбекақы мәселесі.

Талқылау барысында дуальді оқытудың артықшылықтарына да назар аударылды, олардың бірі –кәсіпкерлер үшін оқу бағдарламасын түзетуге қатысу мүмкіндігі.

 «Қазір кәсіпкерлер өз қажеттіліктеріне қарай кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасын 80%-ға дейін өзгерте алады. Осылайша, болашақ кадрларды өз қалауына сәйкес даярлауға болады», – деп атап өтті «Атамекен» ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова.

БҚО бойынша еңбек мобильділігі орталығының өкілдері осы кездесудің пайдалы екенін атап өтіп. Олар кәсіпкерлер палатасына жиынды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, «Атамекенмен» ынтымақтастық өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асырудың тиімділігіне ықпал ететінін айтты.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер