Өңірлік палата және Экономикалық тергеу департаменті бизнесті қорғау саласындағы ынтымақтастықты жалғастырып келеді
Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Дастан Бөкешев кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізді. Бизнестің өзекті мәселелері өзара іс-қимыл шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды. Еске салсақ, биыл мамыр айында Қаржы мониторингі агенттігі, «Атамекен» ҰКП басшылары және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.
Айта кетейік, қазіргі кезде ӨКП мен Департамент арасында тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған. Жұмыстың кең ауқымы іске асырылып жатыр. Бірлескен қызмет кәсіпкерлердің нақты мәселелерін жылдам шешуге бағытталған. Мысалы, жыл басынан бері Өңірлік палатаға 103 өтініш келіп түсті, соның ішінде 51 өтінім бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді (50%). Қорғалған мүліктік құқық сомасы 80 млн теңгеден асты.
«Құқық қорғау желісі бойынша өтініштердің мазмұны түрлі. Құқық қорғау бойынша өтінім санының ұлғаюына қарай динамика байқалады. Жер мәселелері бойынша өтініштер 33%, салық салу саласы – 19%, АӨК – 17%, мемлекеттік сатып алу бойынша – 11%, өзге де мәселелер бойынша (логистика, ТКШ) – 15%-ды құрайды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарына шағымдар 5%-ды құрады. Бізге келіп түскен өтініштерді саралай келе, мемлекеттік органдар тарапынан репрессиялық сипат бары байқалды», - деді ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкерлік субъектілерінің құқығының бұзылуына жол бермеу, азаматтардың қаржы мониторингі жөніндегі органдарға деген сенім деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған бизнесті қорғау бағытын іске асырып жатыр», - деп атап өтті Дастан Бөкешев.
Кездесу барысында кәсіпкерлер мемлекеттік орган өкілдеріне кедендік кедергілер, мемлекеттік сатып алу, білім беру саласына қатысты мәселелермен жүгінді. Тараптар оларды шешу жөніндегі ұсыныстар, жалпы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі стратегияларды әзірлеу жайында уағдаласты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: