«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласында кәсіпкерлікті дамытудың жаңа жобасы іске асырылуда

2024 жылғы 13 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4039 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласындағы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа жолын «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы ашты. Аудан әкімдерімен бірлесе, мкро, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жан-жақты қолдау көрсету үшін перспективалы бағыттар айқындалады. Бірінші диалог өнеркәсіп және сауда секторлары дамыған Жетісу ауданының әкімімен құрылды.

«Атамекен» аудан әкімдіктерімен ынтымақтастықты нығайтуда. Қарапайым 3+3 формуласын пайдалан отырып, әр ауданында үш мықты және үш перспективалы саланы анықтауға ниетті. Әкімдіктер жергілікті басқару органдары ретінде өз өңірлерінде кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай әсер етеді. Бюрократиялық кедергілерді айқындап жою және ШОБ дамытуға бағытталған жаңа қаржы құралдары мен бағдарламаларды енгізуге айтарлықтай әсері бар.

«Сіз бен біздің міндетіміз – әрекеттерімізді үйлестіру. Біз микро және шағын бизнес пен орта бизнесті жіктеп қарастырамыз. Себебі, орта бизнестің проблемалары шағын және микро бизнестің проблемалары әр түрлі. Сондықтан біз аудандағы үш басым және үш перспективалы саланы айқындауымыз қажет. Оларға бағыттап мемлекеттік қолдау шаралары әзірленетін болады. Қаржылық және қаржылық емес. Бұл бизнесті жүргізу және әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов ойын жеткізді.

Бизнес субъектілеріне кеңестік және заңгерлік сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, палата кәсіпкерлерге тегін оқу курстарын ұсынады. Бұл «Атамекен» мен қалалық кәсіпкерлік және инновациялар басқармасымен бірлесе әзірленіп, ағымдығы жылдың наурыз айынан бастап іске асырылып жатқан жоба. Кәсіпкерлер қажеттіліктерінің шеңберін құра отырып, тәжірибелі жаттықтырушылар әр жағдайдың егжей-тегжейін талдауға көмектеседі. Яғни, қандай  нақты проблемаларға назар аудару керектігін анықтап, шешу жолдарын ұсынады. Тегін оқыту бағдарламасымен үш жыл ішінде 6 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда.

«Біз мемлекеттік қолдау шараларын алатындардың бір үлкен тізілімін жасап бизнес субъектілерінің өзіне белгілі бір кішігірім қарсы міндеттемелер алу туралы сөйлескіміз келеді. Мысалы, коммерцияны көлеңкеден шығару. Осылайша, осы субъектілерді ресми түрде рәсімдеу арқылы біз жұмыспен қамту және салық бойынша нақты көрсеткіш аламыз. Біз беретінімізді, оның орнына талап ететінімізді қадағалап отыруымыз өте маңызды. Бұл тәсіл республика деңгейінде талқыланды, бұл туралы Премьер-министрге, Президент Әкімшілігіне «Даму» басшылары деңгейінде баяндалды. Бұл бекітілген ұстаным. Мұнда өңдеу өнеркәсібі, туризм және креативті индустрия қаланы дамытудағы басымды салалар болып табылады. Көрсетілер  қолдау шаралары шеңберінде сондай-ақ инфрақұрылымдық даму, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, экспортқа бағдарлану мүмкіндіктері бар. Ары қарай бұл кәсіпорындар «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық конкурстарына қатыса алады. Бұл аудан үшін айрықша жетістік болып саналады», - деді Шоқанов.

Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева бұл бастамаға ризашылығын білдіріп, ауданда бизнес-құрылымдардың өнімділігін мониторингілеу және талдау бойынша белгілі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жетісу ауданы көтерме-бөлшек сауда бойынша қала көшбасшыларының бірі болып табылады. Тауар айналымының көлемі 250-ден астам сауда кәсіпорындарының қызметі есебінен қалыптасады. Дәл осы ауданда базарлардың ең көп саны шоғырланған. Олардың 80% жуығы инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жүргізді.

«Ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды дамыту біз үшін маңызды міндет болып табылады. Біз әлеуметтік әріптестікті, бизнес пен халықтың өзара байланысын орнатуға мүдделіміз. Кәсіпкерлермен кездесуде барлық мәселелерді талқылаймыз, бизнестің шағым-тілектерін тыңдаймыз, оларға қандай қолдау шаралары қажет екенін анықтаймыз және мәселелерді шешу үшін бар мүмкіндіктерді тартамыз. Біз бизнесті барлық жағынан қолдауға әрдайым әзірміз. Осыған байланысты барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа ашықпыз. Өйткені біздің мақсатымыз бір - кәсіпкерлікті табысты дамыту», - деп түйіндеді Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева.

Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдерін бірлесіп іске асыру әкімдіктер үшін де бірқатар артықшылықтар берері сөзсіз. Біріншіден, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтағы экономикалық жағдайды жақсартуға ықпал. Табысты бизнес-жобалар санының артуы кірістердің және сәйкесінше салық түсімдерінің өсуіне әкеледі, бұл бюджетке тиур оң әсер. Екіншіден, кәсіпкерлік қоғамдастықпен тығыз байланыс туындап отырған проблемаларды дереу анықтап оңтайлы шешімін табуға жәрдем. Палата өз кезегінде қолдау шараларын көсеткен кәсіпкерлер аясын кеңейтеді.  Бұл, сайып келгенде, экономикалық көрсеткіштердің және халықтың әл-ауқатының өсу деңгейіне әсер етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер