«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде креативті индустриялардың «Бизнестегі креатив» атты бірінші форумы өтті

2024 жылғы 22 Қазан
- Ақтөбе облысы
2017 просмотров

Іс-шараға қатысушылар интеллектуалдық және шығармашылық еңбек өнімдерін жасап, оларды сатудың жолдарын талқылады. Форумның ұйымдастырушылары – Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігінің сектораралық кеңесінің креативті индустриялар шағын секторы.

Диалог алаңы медиа, кино, музыка, білім, сән индустриясы және IT секторының өкілдерін біріктірді. Форумның қатысушылары аймақтағы креативті индустриялардың негізгі тенденциялары мен даму перспективаларын талқылады. Негізгі тақырыптар: «Брендинг. Сататын афишалар», «Креативтіліктің тиімділігін талдау» және «Видеоконтентке сценарий жазу».

Спикерлер ретінде медиа, маркетинг және брендинг саласындағы кәсіпкерлер: Нұрым Бейбіталы — «Malevich» маркетингтік агенттігінің бренд-дизайнеры, Серік Сүндетов – Aqtobe IT Hub жетекшісі, Sunnet Consult, бизнес-кеңесші, режиссёр және актер Данияр Тлеужан қатысты.

«Бренд — бұл тек логотип немесе компания атауы ғана емес. Бұл адамдардың өнім, қызмет туралы алатын әсерлері, — дейді Нұрым Бейбіталы. — Кәсіптің мөлшеріне қарамастан, барлық бизнес бірдей заңдарға бағынады. Шағын бизнеске, ірі корпорациямен қатар, тұтынушылардың назарын аудару және олардың санасында өніммен байланысты нақты ассоциациялар қалыптастыру маңызды».

Айта кетерлік жайт, форум барысында спикерлер қала үшін бірегей дизайн-кодын жасау қажеттілігі мен дайын екендігін білдірді. Бұл идеяны Кульпаршин Айдарханова, Әйелдер кәсіпкерлігінің салалық кеңесі төрайымы, кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі қолдады. Өз сөзінде бұл экономикалық саладағы кәсіпкерлерге өз ұсыныстары мен идеяларын білдіріп, креативті индустриясының шағын секторына талқылауға шығаруға кеңес берді.

Өз кезегінде «Атамекен» палатасы директорының орынбасары Владимир Сухорученко президенттің былтырғы Жолдауында креативті индустрияның экономика мен жұмыспен қамтудың тағы бір өсу нүктесі екенін атап өткенін айтты.

«Креативті индустрия – кез келген мемлекеттің экономикалық ерекше секторы, ол интеллектуалдық қызметтің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен қызметтерді сатуға негізделген. Мұнда жоғары технологияларды дамыту мен инновацияларды қолдану маңызды рөл атқарады. Біз бизнес қоғамдастығымен бірлесе отырып, осы саланы ауқымды дамыту үшін жағдай жасауды мақсат етеміз. Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасында креативті индустриялардың подсекторы жұмыс істейді, мұнда кәсіпкерлер өз бизнесінің өзекті мәселелерін көтереді. Бірлестікке қосылу бойынша өңірлік «Атамекенге» хабарласуды сұраймыз, – деді ол.

Форумның басты мақсаты – креативті индустриялардың инфрақұрылымын дамыту, креативті кәсіпкерлік идеяларын кен тарату және инвестициялар тарту. Форум шығармашылық мамандарды қолдауға және инновациялық секторларда жаңа өнімдер жасау үшін коллаборацияларды дамытуға арналған.

Ұйымдастырушылар іс-шараны Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 11 жыл толуына орайластырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер