«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда 20-шы Сауда әлемі Конвенті аяқталды

2024 жылғы 31 Қазан
1972 просмотров

Алматыда Орталық Азияның ритейл-саласы үшін атаулы оқиғаға айналған мерейтойлық 20-шы Сауда әлемі Конвенті болып өтті. Іс-шараға 400-ден астам бизнес өкілі қатысты, олардың ішінде 70% Ресейден, Қазақстаннан, Беларусьтен, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Әзірбайжаннан, Грузиядан және Армениядан келген жетекші сауда желілерінің бірінші тұлғалары.

Іскерлік бағдарламаның 50 спикері нарықтағы бәсекелестікке қабілеттікті арттыруға арналған жаңа шешімдер мен кейстерді ұсынды. Ритейлде тұрақты даму және тұтынушылардың өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін негіз болатын инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Панельдік сессия қатысушылары цифрландыру және бизнестің тиімділігін арттыру үшін жаңа құралдарды қолдану мәселелерін талқылады. Ресейден X5 Tech, Азбука вкуса, Hoff Tech, Қазақстаннан Magnum, Inmart компаниялары ритейлде инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн және офлайн сатылымдарды интеграциялау ыңғайлы әрі жекеленген клиенттік тәжірибені құру үшін маңызды элементке айналуда, сондықтан бизнес арналарының үйлесімділігі туралы сессия ритейл саласындағы өзгерістер мен бизнестің жаңа e-commerce модельдеріне бейімделу мәселелеріне арналған өзекті тақырыптарымен қатысушылардың ерекше назарын аударды. Талқылауға «М Видео», SPAR Калининград, Ресейден Retail TECH Net, Қазақстаннан DECATHLON және Қытайдан Ding Dong өкілдері қатысты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі өңірдің макроэкономикалық ахуалын және демографиялық ерекшеліктерін шолу болды. Спикерлер Орталық Азия жастарының және экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ритейл үшін жаңа мүмкіндіктерді жасайтынын атап өтті. Өңірдің экономикасы дүнижезілік динамикадан асады деген болжамды есерсе, бөлшек сауда компаниялары алдында қосымша перспективалар ашылады.

«Біз сауда қызмет көрсету функциясы ретінде қарастырылатынын байқай бастадық. Әрине, біз басқа сегменттердің кемтірмейміз, бірақ сауда – бұл бүкіл экономиканың дамуын қамтамасыз ететін қан тамырларына ұқсас. Қазіргі таңда мемлекеттің саудаға бөлетін назары жеткіліксіз. Біздің пікіріміз - сауданы дамыту үшін нақты стратегия қажет. Атап айтқанда біз ұмтылатын, халық үшін қызметтерді тиімдірек көрсетуге көмектесетін нәтижелер. Бұл – отандық өндірушілердің қуаттары тиімдірек бөлініп, соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қатамасыз ететін отандық өндірушілерді қолдау тетігіне айналуға тиіс», - деп бөлісті «Атамекен» ҰКП Басқармасы төрағсының орынбасары, Басқармасы мүшесі Тимур Жаркенов .

INFOLine агенттігінің бас директоры Иван Федяковтың айтуынша, Ресей мен Беларусьпен салыстырғанда, онда бөлшек сауданың шамамен 70%-ы заманауи форматтар мен e-commerce үлесіне тиесілі болса, Қазақстанда заманауи арналардың үлесі тек 30%-ға жеткен. Сауданың басым бөлігі әлі де дәстүрлі базарлар мен шағын дүкендерде шоғырланған. Дегенмен, елде онлайн-сауда және жеткізу қызметтері, әсіресе курьерлер саны айтарлықтай артқан ірі қалаларда қарқынды дамып келеді.

«Мир торговли» сауда конвентінің 20-шы бизнес бағдарламасы аясында Sulpak, Technodom, «Спортмастер Қазақстан», Magnum, «Леонардо», Апорт сауда орталығы, UZUM Market, OZON және басқа да ірі компаниялардың жетекшілері сөз сөйледі.

Дәстүр бойынша, «Мир торговли» конвентінде Жабдықтау орталығы өтіп, іс-шараға қатысушы жеткізушілер әртүрлі елдердің сауда желілері мен дистрибьюторларымен тікелей келіссөздер жүргізді. «Мир торговли» жабдықтау орталығында конвент қатысушылары мен ТМД елдерінен келген 87 сауда желісінің өкілдері арасында 3 500-ден астам екіжақты кездесу өтіп, олардың қорытындысы бойынша келісімшарттар жасалады.

«Мир торговли» сауда конвентінің 20-шы кездесуі Орталық Азиядағы бөлшек сауда бизнесі үшін басты салалық оқиға ретіндегі беделін растады. Қатысушылар инновациялар мен икемділіктің нарықтағы қиындықтарды еңсерудің және одан әрі дамудың негізгі құралдары болатынына сенім білдірді.

 

«Біз бөлшек сауда бизнесінің цифрлық шешімдер және тұрақты даму жағына ілгері жылжып жатқанын байқайдық. Инновацияларды сәтті енгізген компаниялар болашақта көшбасшылар болады. Сондықтан біз Сауда әлемі Конвентінде индустрияны қызықтыратын тақырыптарды қозғап, әртүрлі сарапшылар мен қатысушылар арасында кері байланысты ұйымдастыруға, сұрақтарды жауапсыз қалтырмауды қамтмасыз етуге тырыстық», – деді Сауда әлемі Конвентінің негізін қалаушы Елена Саргалдакова.

Конвент Eurasian Retail Awards және Eurasian Suppliers Awards Сыйлықтарын салтанатты марапаттаумен аяқталды.

«Ақпараттық белсенділік пен ашықтық көшбасшысы» номинациясында ритейлерлерге арналған Сыйлықты food санатында Magnum сауда желісі, ал non-food санатында Technodom cауда желісі иеленді. Нарықта 30 жылдан астам үздік өтілі үшін марапаттарды «Sulpak» және «Мечта» электроника мен тұрмыстық техникасының сауда желілері жеңіп алды.

«Ритейлерді таңдау» номинациясында food санатында өнім берушілерге арналған Сыйлық Альпина, BMB Holding, Livadiya-Bukhara компанияларына табысталды. Фабрика Ксонас, Фабрик Продакшн, Korean Electronics компаниялары non-food санатындағы аталған номинацияда жеңімпаздар болып атанды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер