«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қант диабетін емдеу: бариатриялық хирургияның денсаулыққа және эстетикаға тигізетін әсері

2024 жылғы 26 Желтоқсан
984 просмотров

ДСҰ мәліметі бойынша, соңғы үш онжылдықта семіздікке шалдыққандардың пайызы екі есеге дейін өскен. Артық салмаққа байланысты денсаулық мәселесі жер бетіндегі ересектердің 15-36%  кездеседі. Бүгінде артық салмақ бірқатар асқынуларды тудыруы мүмкін созылмалы метаболикалық бұзылыс болып отыр. 

 Планетаның әрбір төртінші тұрғыны артық салмақтан зардап шегетіні айтылады. Еліміз де бұдан зардап шегіп отыр. Қазақ тамақтану академиясы жүргізген зерттеулер көрсеткендей, ересек адамдарың арасында артық салмағының таралуы  әйелдерде 29,7%, ерлерде 33,9% құрады. Семіздіктің таралуы әйелдерде 25,8%, ерлерде 15,3% құрады. Бұл Қазақстанның ересек тұрғындарының жартысынан астамы (әйелдердің 55,5% және ерлердің 49,2%) артық салмақтан немесе семіздіктен зардап шегетінін көрсетеді. Қазіргі уақытта мәселенің күрделі болғаны соншалық, диетологтармен қатар, хирургтар да айналысуда.

Семіздік және қант диабеті хирургиясы орталығының ашылуы

Астанада еліміздегі бірегей семіздік және қант диабеті хирургиясы орталығының ресми ашылуы өтті.

Іс-шараға «Атамекен ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Астана медицина университеті» КЕАҚ ректорының м.а. Виталий Койков және еліміздің медициналық, қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Айтқандай, «бариатрия» атауы «салмақ, ауырлық» дегенді білдіреді, яғни бұл артық салмақ пен семіздікке шалдыққан адамдардың мәселелерімен айналысатын медицина саласы. Ал артық салмағы бар адамдарды емдеуге арналған хирургия бөлімі «бариатриялық хирургия» деп аталады. Метаболикалық хирургия – зат алмасу бұзылысын емдеуге бағытталады.

Өз сөзінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова профессор Орал Оспановтың көрнекті қазақстандық хирург, Орталық Азиядағы бариатриялық және метаболикалық хирургияның негізін қалаушы екенін атап өтті.

Орталықта жаңа, озық әдістерді қолдану қажетті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ұлттық палата елдегі кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға белсенді қатысып жатқанын және инвестиция тарту мәселелері ұйым қызметінде басты назарда екенін жеткізді.

Іс-шара барысында Орталық Азиядағы бариатриялық және метаболикалық хирургияның негізін қалаушы, медицинаның осы бағытындағы инновацияларымен әлемге танымал «Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» РҚБ президенті, профессор Орал Оспанов қонақтарды орталық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сондай-ақ, ол оң ұзақ мерзімді әсері бар және асқыну қаупі төмен салмақ жоғалтуға арналған жалпы операциялар туралы тілге тиек етті.

«Бариатриялық хирургия – бұл пациенттердегі физиологияның өзгеруі, нәтижесінде организмде қант диабетіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар пайда болады. Пациенттердің инсулині болғанымен, ағзаның жауап беру реакциясы болмайды. Сондықтан біз физиологияны өзгертіп, ағзаның сезінуіне ықпал етеміз. Аталмыш әдіс «FundoRing» деп аталады», - деп бөлісті ол.

Бірегей орталық

Орталықтың бірегейлігі осы ұйымның базасында республикалық үйлестіру және оқу-әдістемелік орталығы және 2 типті қант диабеті метаболикалық хирургиясын дамыту жөніндегі ғылыми орталық жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, ұлттық бариатриялық тіркелім орналасады.

2 типті қант диабеті мен артық салмақтан арылуға арналған хирургияға мамандандырылған орталық бастапқы кезеңде аурудың хирургиялық алдын алу шараларымен айналысады.

Бұдан өзге, орталықта «FundoRing» сияқты патенттелген инновациялық технологиялар, стационарды алмастыратын көмек көрсету, бұл өз кезегінде ЕПҰ-да болу мерзімін 1 төсек-күнге дейін қысқартуға, мультимодальды тәсілді пайдалану кезінде қаражатты тікелей және жанама үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, орталық «Астана медицина университеті» КЕАҚ клиникалық базасы болады және «Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» РҚБ кеңсесі орналасады.

Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпайды. Егер жаның аман, денің сау болмаса, бұл өмірде мән жоқ. Айта кетейік, бариатриялық хирургия семіздікпен күресіп қана қоймайды, сонымен қатар, артық салмақпен байланысты көптеген аурулардан – қант диабеті, жүрек-қан тамырлары жүйесі, буын, жүрек ауруларынан арылуға септігін тигізеді.      


Еншілес ұйымдар

Серіктестер