«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті дамытудағы кедергілер: электр қуатын қосу мәселесі қаралды

2025 жылғы 21 Қаңтар
- Түркістан облысы
107 просмотров

Палата алаңында «Бизнеске жол» жобасы аясында отырыс өтті. 

Күн тәртібінде Сауран ауданы, Шорнақ елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Үтепберген Атажановтың аукцион арқылы ұтып алған 3,35 га жер учаскесіне кәсіпкерлік мақсатта (колледж, спорт кешені, жеке меншік балабақша ғимараттарының құрылысы) электр қуатын қосу мәселесі қаралды.
Кәсіпкердің өтініші бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не техникалық шарт алуға жүгінген, бірақ компания электр қуатының жетіспеушілігін алға тартып, өтінішті қанағаттандырусыз қалдырған.

Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің аға офицері Ерхан Сембеев, Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Б.Бекөскенов, Шорнақ елді мекені әкімдігінің бас маманы Ғани Рашев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түркістан қаласы электр желілерінің бас инженері Ғани Қойшиев, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері қатысты. 
    
Жиында кәсіпкердің мәселесін шешу жолдары талқыланып, электр қуатын қосуға қатысты техникалық шарттарды реттеудің мүмкіндіктері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттілігі айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер