«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқушыларға кәсіптік бағдар: Түркістанда жұмысшы мамандықтарына қызығушылық артуда

2025 жылғы 30 Қаңтар
- Түркістан облысы
255 просмотров

Түркістан қаласының оқушылары жергілікті кәсіпорында болып қайтты

Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына орай Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мектеп оқушыларын жергілікті кәсіпорынға экскурсияға апарды.

№31 Абай атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушылары қаламыздағы «Grand Miks» жиһаз өндіруші кәсіпорнында болып, өндіріс процесімен танысты. Бұл іс-шара олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауға көмектесіп, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға және болашақ кәсіби жетістіктеріне жол ашуға бағытталды.

Кәсіпкерлер палатасы білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаңғыртуға ерекше мән береді. Бұл түлектердің өзекті дағдыларды меңгеруін және еңбек нарығына қажетті жоғары білікті маман болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер