Жасыл Еуразия» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды
Еуразиялық экономикалық комиссия III Халықаралық «Жасыл Еуразия» климаттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – климаттық митигация мен бейімделу бойынша тиімді жұмыстар мен орнықты дамуға бағытталған өзге де климаттық тәжірибелерді қарастыру.
Конкурсқа коммерциялық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және үшінші елдердің жеке тұлғалары қатыса алады.
Өтінімдер 2025 жылдың 9 наурызына дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу тегін, әр ұйым түрлі номинация бойынша 5-тен аспайтын жобаға қатысуға өтінім бере алады. Қатысу үшін «Жасыл Еуразия» байқауының сайтына тіркеліп, https://greeneurasia.asi.ru сілтемесі бойынша өтінім беру қажет.
Сараптамалық топ пен конкурс Төралқасы жұмысының қорытындысы бойынша әр номинацияда жеңімпаз (1 орын) және финалистер анықталады (2 және 3 орын).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: