«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық аграрилер субсидиялаудың кешіктірілуіне және лизинг бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдарға шағымдануда

2025 жылғы 03 Наурыз
- Павлодар облысы
574 просмотров

Павлодар облысы Успен ауданында аудан әкімі Нұрболат Мақашевтың және қаржы институттарының қатысуымен ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Атамекен» өңірлік палатасының бірлескен кеңесі өтті.

Шаруалар мен билік 2025 жылы көктемгі дала жұмыстарына дайындық пен ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаев ӨКП ауылдардағы бизнеске қандай қолдау көрсете алатыны және Палатаның 2024 жылы жүргізген жұмысы туралы айтып берді.
Агроөнеркәсіптік секторды дамыту барысы туралы Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Кристина Ысқақова баяндады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев егістік алқаптарында көктемгі жұмыстарды жүргізуге дайындық және АӨК мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.


Техниканы алу үшін несие беру шарттарын «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының директоры Байсал Алпысбай, ал ІҚБ несие беру бағдарламаларын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалының директоры Ардақ Таңжарық түсіндірді.
«Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Ерлан Тоқтышақов пен Шығыс Қазақстан облысынан келген ауыл шаруашылығы тәжірибесі станциясының коммерцияландыру бөлімінің бастығы Б. Төлегенов шаруалардың тілектері туралы айтып берді.
«БИК» ШҚ басшысы Қ.Баймағамбетов картоп бағасының көтерілгені туралы айтып, оны арзандату болжамын сұрады. «Степанищев» ШҚ басшысы лизинг үшін сыйақы мөлшерлемесі тым жоғары екенін мәлімдеді. Бұдан өзге, оның айтуынша, аграршылар өздеріне тиесілі мемлекеттік субсидияларды кеш алады. Бұл олардың лизингті кешіктіріп төлеуіне әкеледі, сондықтан өсімақылар мен айыппұлдар өседі.
Барлық көтерілген сұрақтар бойынша билік өкілдері түсініктеме берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер