«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда «Таза Қазақстан» аясында «Қалаға арналған ағаш» экологиялық акциясы өтті

2025 жылғы 30 Сәуір
- Ақмола облысы
318 просмотров

Іс-шараны Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы мен Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Home Credit Bank» АҚ облыстық филиалы ұйымдастырды.

«Алаш арыстары» саябағында акцияға қатысушылар Уссури алмұрты мен қарағайдың 100 көшетін екті. Бұл шара облыс орталығын абаттандыруға, жалпы экологиялық мәдениетті дамытуға елеулі үлес болды. Бұдан былай жаңа екпелері бар орын «HCB Business Жасыл аллеясы» символдық атауын алды.

«Бүгін біз «Home Credit Bank» АҚ өкілдері, бизнес субъектілері атынан стратегиялық серіктестерімізбен қаламыздың маңызды іс-шарасына қатысып, жұмыс аренасында ғана емес, құрылымды қарым-қатынас орнатуға дайын екенімізді тағы да атап өттік. Абаттандыру облыс орталығының, жалпы экологиялық мәдениеттің дамуындағы негізгі факторлардың бірі. «Таза Қазақстан» жобасының маңызын түсінген кәсіпкерлер барлық жерде экологиялық құндылықтарды ілгерілетуді жалғастыратынына сенімдімін», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.


HOME Credit BANK-тің 20 жылдығы аясында іс-шараның бас елшісі «Home Credit Bank» АҚ Ақмола филиалы болды.


«Біз үшін саябақтың көк майса және тартымды болуы үлкен қуаныш. Банктің Ақмола филиалының командасымен бірге сүйікті қаланың жасыл болашағына қосқан үлесімізді мақтан тұтамыз. Сондай-ақ, біз өз клиенттеріміз үшін пайдалы әрі ыңғайлы банк болу үшін бар күшімізді саламыз», - деп толықтырды Көкшетаудағы НСВ филиалының директоры Софья Карапиди.


Акцияға билік органдары, Көкшетау қаласы мәслихаты, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі, «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ белгілі бизнес субъектілері қатысты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер