«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік арқылы әлеуметтік оңалту: №12 мекемеде сотталғандарды оқыту курсы өтті

2025 жылғы 02 Мамыр
- Алматы облысы
587 просмотров

Алматы облысы Заречное ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Республикалы0 мемлекеттік мекемесі комитетінің №12 мекемесінде сотталғандар үшін жеке кәсіпкерлік негіздеріне оқыту семинары өтті. Білім беру бастамасы Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және Azamatsha.kz қорының бірлескен қолдауымен жүзеге асты.

Бағдарлама 30-ға жуық қатысушыны біріктірді. Тренинг тәжірибеге бағытталды: студенттер бизнесті тіркеу, экономикалық қызмет түрлерін таңдау (ЭҚЖЖ), салық режимі және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері бойынша негізгі білім алды. Семинарды азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс істеуге маманданған тәжірибелі ұстаз Мадина Маратқызы Сауытбекова жүргізді.

Курс тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар өмірді жаңадан бастау мүмкіндігіне деген мотивация мен сенімді қалпына келтіруге бағытталғандықтан ерекше құнды. Сондай-ақ, қор өкілдері Іле ауданындағы Бейімдеу орталығының қызметтері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, онда бұрын сотталғандар уақытша баспанамен қамтамасыз ету, құқықтық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ жұмысқа орналасуға көмектесу түріндегі қолдауға ие бола алады.

Бағдарлама қор мен Алматы және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері арасындағы қазіргі ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта осындай шараларды басқа да мекемелерде, соның ішінде Жауғаштыдағы әйелдер колониясында өткізу жоспарлануда.

Мекеменің мәліметінше, мұнда жиһаз және ағаш шеберханалары жұмыс істеп тұр, келешекте қаржылық сауаттылық және қолөнер мамандықтары бойынша курстар ұсынып, кейіннен мемлекеттік сертификаттар алу мүмкіндігімен оқу бағдарламаларын кеңейту жоспарда бар. Бұл шаралар сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру үшін негіз жасайды.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Венера Ертілеуова бұл бастаманың нақты жемісін беріп жатқанын атап өтті:

"Сабақ барысында қатысушылардың айтқан бірнеше идеялары өте перспективалы болып көрінеді. Ең бастысы, олар енді неден бастау керектігін түсінді. Өйткені, сот үкімі бойынша бұған қатысты шектеулер болмаса, түрмеде отырудың өзі заңды кәсіпкерлікке кедергі емес".

Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының өкілі Гүлсая Қожабекова да бизнес-білім беру арқылы оңалту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығына тоқталып, өз ұстанымын білдірді.

«Білім мен кәсіпкерлік – адамдардың қалыпты өмірге оралуына ғана емес, экономиканың дамуына да ықпал ететін қуатты құрал. Мұндай бастамаларды қолдау «Атамекен» партиясының стратегиялық мақсаты болып табылады. Біз адамдарды білім мен ресурстармен қамтамасыз ету арқылы қылмыстың қайталану қаупін азайтып, бұрынғы сотталғандардың елдің экономикалық және әлеуметтік өміріне тартылу деңгейін арттыра аламыз деп ойлаймыз.

Курсты аяқтағаннан кейін әрбір қатысушы оқуды аяқтағаны туралы сертификат алды, ал ұйымдастырушылар қайта қатысуға қызығушылық танытып жатыр. Көптеген тыңдаушылар талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз жоспарларымен бөлісті.

Бастамашылар әркімнің басынан бастауға мүмкіндігі болуы керек деген сенімде.

«Біз адамдарды «өткен» және «болашақ» деп бөлмейміз - олардың арасында көпір жасаймыз. Ал қоғам өзгеруге дайын адамдарға қол созса, ол күшейе түседі», - дейді жобаны ұйымдастырушылар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер