«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазығұрт ауданындағы өндірістік кәсіпорындар инфрақұрылым тапшылығынан зардап шегуде

2025 жылғы 02 Мамыр
- Түркістан облысы
150 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бақытжан Құралбаев Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар ірі өндірістік кәсіпорындарды аралады. Кездесулер барысында кәсіпкерлер өзекті мәселелерді көтеріп, өндірістік процестерді тоқтатуға мәжбүр ететін инфрақұрылымдық қиындықтармен бөлісті.

ТОО «КАРКЫН 2030» — шұжық өнімдерін өндіруші ірі агроөнеркәсіп кешені. Компания «Нарлен» брендімен 64 түрлі ет өнімін шығарады: ысталған, қайнатылған шұжық, сосиска мен сарделька түрлері күніне 3 тонна көлемінде өндіріледі. Өнімдер неміс технологиясы бойынша Халал стандартымен шығарылады. Бүгінде кәсіпорын толық қуатында жұмыс істей алмай отыр — басты себеп: шикізаттың жетіспеушілігі.

ТОО CG FOODS CENTRAL ASIA — жылдам дайындалатын лапша өндірісімен айналысады. Компания «Казан» және «Wai-Wai» маркаларымен танымал. Қазіргі таңда кәсіпорын электр қуатының жиі сөніп қалуы салдарынан үлкен шығынға ұшырап отыр. Өндірістік желілер күйіп кетіп, өнім шығаруға кедергі келуде. Сонымен қатар, кәсіпорын лапша өндірісін кеңейту үшін су ұңғымасын (водопроводтық скважина) қазуға көмек сұрап отыр.

ЖШС «Көрік ШҚ» — табиғи шырын өндіретін отандық кәсіпорын. «Delis» сауда белгісімен шығарылатын шырын өнімдері нарықта өз тұтынушысын тапқан. Алайда бұл компания да электр қуатының тұрақсыздығынан қиындық көріп отыр. Электр желісінің жиі істен шығуы өндірістің үздіксіз жүруіне кедергі келтіруде.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындап, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер