«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жер мәселесі туындады

2025 жылғы 13 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
340 просмотров

ШҚО прокуратурасында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, Kazakh Invest, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен инвесторлар құқықтарының бұзылуының алдын алу мен жолын кесу және жобаларды ілгерілетуге жәрдемдесу мәселелері бойынша фронт-офис отырысы өтті.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері 845 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуға ерекше назар аударылады. Бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жобаны қолдау аясында алты инвестициялық жобаға көмек көрсетілді. Инвесторлардың негізгі мәселелері жер қатынастарына қатысты болды: жалға беруді ұзарту, учаскелерге құқықтарды ұзарту, жерге орналастыру құжаттарын бекіту», - деді облыс прокуратурасы.

Сондай-ақ тағы екі жоба бойынша шешімін күткен мәселелер бар: Қалжыр өзенінде шағын су электр стансаларының каскадын салу және қолданыстағы «Эко-қонақ үй Заречье» туристік базасын кеңейту.

«KALJYR RIVER ENERGY» ЖШС бас директорының хабарлауынша, Марқакөл ауданындағы қуаты 16 МВт су электр стансасы Шығыс Қазақстан облысындағы жаңартылатын энергия саласындағы негізгі нысандардың біріне айналады. Бұл жоба энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған. Гидроэнергияны пайдалану аймақтың қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсер ететін көмір және мұнай сияқты дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігін барынша азайтады. Жоба биологиялық әртүрлілікті сақтауды және су экожүйелеріне минималды әсер етуді көздейді.

Алайда компания біраз қиындықтарға тап болды.

«Қуаттылықты арттыру үшін аумақты кеңейту қажет, бірақ учаске ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан», - деп түсіндірді компания.

Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін қолда бар барлық жер телімдері берілген. Тек қорық жерлері ғана қалған.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерді беру мысалдары бұған дейін де болған. Ерекше қорғалатын жерлер стратегиялық маңызы бар объектілер тізіміне енгізілген жобалар үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Су ресурстары және энергетика сияқты тиісті министрліктердің қорытындысы негізінде Үкімет қаулысы шығарылады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы сұралған жерлердің мәселесін әрі қарай зерттеп, шешу жолдарын қарастыратын болады.

«Заречье» экоқонақ үйі жобасына келер болсақ, оларда ауыл шаруашылық  мақсатта пайдалану нысанындағы жерді рекреациялық мақсаттағы жерге

ауыстыру мәселесі туындады.

«Бүкіл жер телімінен екі гектар жер ғана қажет, қалғанын мақсатты түрде пайдаланамыз: шөп шабу мен жайылым. Шаруа қожалығында мал бар», - деп түсіндірді «Заречье» экоқонақ үйінің директоры Светлана Фроимчук.

Надежда Михейлис хабарлағандай, мұндай жағдай Самар ауданында болған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысанын аударуға тыйым салу туралы Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдері негізінде әкімдік бас тартқан.  

Жерді аймақтарға бөлу нұсқалары бар, содан кейін ғана мақсатты өзгерту мәселесін қарастыруға болады, деп атап өтті Светлана Фроимчук.

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Мейрам Таутенов бұл мәселені жан-жақты тексеруді тапсырды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге проблемалық мәселелер бойынша прокуратураға хабарласуға болатынын ескертті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер