Үздік бол, үлгі бол! Байқауға қатысуды жіберіп алмаңыз!
Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы колледжтер, кәсіпорындар мен өндірістік шеберлер арасында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы ұйымдастырған байқауға құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – Қазақстанда білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау және қолдау.
Байқау кезеңдері:
I кезең – өңірлік: 2025 жылғы мамыр – маусым
II кезең – республикалық: 2025 жылғы қыркүйек – қазан
Байқау номинациялары:
Жұмысшы кадрларды даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын
Жұмысшы кадрларды даярлайтын үздік колледж
Өндірістегі үздік тәлімгер (наставник)
Қалай қатысуға болады?
Қатысу үшін келесі құжаттарды электрондық түрде тапсыру қажет:
Өтінім (1-қосымша нысаны бойынша)
E-портфолио (2-қосымша құрылымы бойынша)
Құжаттардың сүйемелдеу топтамасы
Құжаттар үміткердің орналасқан жері бойынша тиісті өңірлік кәсіпкерлер палатасына электрондық түрде жіберіледі.
Жамбыл облысының қатысушылары үшін құжаттарды келесі сілтеме арқылы жіберуге болады:
Өтінім нысандары мен қажетті құжаттар тізімі «Атамекен» ҰКП ресми сайтында орналастырылған: atameken.kz
Жеңімпаздарды анықтау
Әр өңірде білім беру, бизнес және қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған байқау комиссиясы құрылады.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 2025 жылдың күзінде өтетін республикалық финалға жолдама алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: