«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы облыстық форум өтті

2025 жылғы 16 Мамыр
- Қызылорда облысы
681 просмотров

15 мамыр күні Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде аталмыш оқу орны мен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы кадрлар даярлаудың өзекті мәселелеріне арналған облыстық форум өтті.

Форумға облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздық, Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры А.Жүнісов, облыстық білім басқармасының өкілдері мен колледж ұжымы, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты.

Шараның басты мақсаты Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімовтің туған күніне орай, тарихи тұлғаның өнегелі өмір жолына тағзым етіп, оның ел дамуына қосқан үлесін ерекше ілтипатпен еске алу болды. Осы ретте, іс-шара Исатай Әбдікәрімовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Әрі қарай қонақтар білім ошағының фоесінде «Жұмысшы және орта буын» мамандықтары бойынша көрмемен және «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған оқу-өндірістік зертханалармен танысты.

Форумның пленарлық бөлімінде колледж директоры А. Жүнісов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы еңбек пен кәсібилікке негізделген басымдықтарға тоқталып, қонақтарға сөз берді.

Облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов жұмысшы мамандықтарды дамыту жолындағы өңірлік бағдарламаларды таныстырды. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхамед Сыздық «Дуальды оқытудағы жұмыс беруші кәсіпорындардың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, жастар болашағына бағдар берді.

Шара аясында колледждер мен жұмыс беруші кәсіпорындар арасында екі жақты меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Форум қатысушылары болашақта да білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті тереңдетіп, еңбек нарығына қажетті жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған бірлескен жұмыстар жалғасатынына сенім білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер