«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысында кәсіпкерлер палатасы кәсіби біліктілікті тану орталығын ашуға дайындық жүргізуде

2025 жылғы 02 Қазан
- Павлодар облысы
322 просмотров

Ақсудың ферроқорытпа зауытында кәсіби біліктілікті тану орталығын ашуға дайындық барысын тексеру үшін арнайы жұмыс тобы болды.

Бұған дейін Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына «ERG сервис орталығы» ЖШС-нің кәсіби біліктілікті тану орталығына аккредитация алу жөнінде өтініші түскен болатын. Жұмыс тобы орталықтың ашылуына дайындық деңгейін бағалады.

Салалық жұмыс тобының құрамына төраға – «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Ерқанат Абенов, жұмыс тобының хатшысы – Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Әбілғазина, сондай-ақ мүшелері: «FBC Service» ЖШС құрылыс инженері Азамат Аронов, «Павлодар құбыр илемдеу зауыты» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Манарбек Кулетов және «Литком» компаниясының директоры Иван Карпенко кірді. Жұмыс тобы кәсіпорында болып, өтініш берушіні оның орналасқан жерінде тексерді.

Болашақта «ERG сервис орталығы» ЖШС жанынан ашылатын кәсіби біліктілікті тану орталығы жеті мамандық бойынша біліктілікті растайтын болады: ферроқорытпа балқытушысы, стропальщик, кран машинисі, металлургиялық өндіріс кранының машинисі, электргазбен дәнекерлеуші, автоматты және жартылай автоматты машиналарда жұмыс істейтін электргазбен дәнекерлеуші, аргон ортасында қолмен доғалы дәнекерлеу шебері. Бұл мамандықтардың барлығы тау-кен металлургиясына, өңдеу өнеркәсібіне және құрылыс саласына жатады.

Регламентке сәйкес, кәсіпорын сарапшыларға қажетті барлық құжаттарды career.enbek.kz порталында ұсынды. Жұмыс тобы құжаттардың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының регламент талаптарына сай екенін растады. Сондай-ақ, жұмыс тобы Ақсу ферроқорытпа зауытының басқару ғимаратындағы «Ферроқорытпа өндірісі» тренажёрына арналған кабинетті қарап, өз қорытындысын берді.

«Ғимарат, оның ішінде тренажёр кабинеті мен ЦППК жұмысына қажетті жабдықтар, орталықты іске қосу туралы келісімшарттағы мүлік тізіміне толық сәйкес келеді. Үміткерлердің кәсіби стандарт пен біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін арналған оқу полигоны қажетті техникамен жабдықталған. Практикалық тапсырмаларды орындауға жұмыс орындары қарастырылған. Орталық жалпы алғанда жұмысқа дайын. «Атамекен» ҰКП орталық аппараты мен біздің өңірлік палата бұл кәсіпорын үшін орталықты ашу және оның құқықтық рәсімделуі бойынша ауқымды жұмысты тегін жүргізіп отыр. Кейіннен ЦППК ресми түрде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аттестатын алады», – деп атап өтті Ерқанат Абенов.

Кәсіби біліктілікті тану орталығы 2025 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174