«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық кәсіпкерлерді «Атамекен» өңірлік палатасында Кәсіпкерлер күнімен құттықтады

2025 жылғы 03 Қараша
- Павлодар облысы
382 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов өңірдің бизнес өкілдеріне, павлодарлық компаниялардың басшыларына «Қазақстанның үздік тауары», «Алтын сапа» көрмелеріне қатысқаны үшін ҚР ҰКП «Атамекеннің» алғыс хаттарын және өңірлік кәсіпкерлер палатасының құрмет грамоталарын табыстады.

«Біз бұл маңызды, баршамызға ортақ мерекені алғаш рет атап өтіп отырмыз. Сіздер бизнес құрып, жаңа жұмыс орындарын ашып, инновацияларды енгізіп, кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастырып, өңір мен ел экономикасын нығайтып, мемлекеттік қазынаны толықтыруға үлес қосып келесіздер», – деп атап өтті Ерқанат Әбенов.

Бизнес өкілдеріне арналған марапаттар облыстың қала және аудандарына жолданды. Көрсетілген ықылас пен құттықтаулар үшін өңірлік палата басшылығы мен ұжымына кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Аурика Дяк алғысын білдірді.

Ерқанат Әбеновтің айтуынша, өңірде 64 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көбірек – оң динамика байқалады. Облыстың жеке кәсіпорындарында шамамен 140 мың адам жұмыс істейді. Бұл өңір халқының шамамен 20 пайызы. Егер әр отбасында кемінде үш адам бар деп есептесек, онда облыс тұрғындарының жартысынан астамы өңір кәсіпорындарында еңбек етеді деген сөз.

«2025 жылы өңір компанияларының өнім шығару көлемі 427 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өскен. Мұның бәрі еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының байыпты әрі дана саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Ал «Атамекен» палатасы кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін белсенді түрде қорғайды», – деді өңірлік палата директоры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174