«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар бизнесіне Қазақстанның жаңа тауар өндірушілер тізіліміне кіру рәсімдері түсіндірілді

2025 жылғы 19 Қараша
- Павлодар облысы
265 просмотров

Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігі Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының қолдауымен еліміздің барлық өңіріндегі бизнес өкілдеріне отандық тауар өндірушілердің жаңа тізілімін бейнебайланыс арқылы таныстырды. Осыған орай «Атамекен» Павлодар облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өз конференц-залына павлодарлық тауар өндірушілерді, соның ішінде ӨКП-ге тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін үнемі жүгінетін кәсіпкерлерді шақырды.

Кездесу барысында 2025 жылдың мамыр айында қол қойылған заң туралы еске салынды. Онда қазіргі қолданылып жүрген индустриялық және СТ-KZ сертификаттарының қисынды жалғасына айналатын құрал анықталған болатын. Бұл құрал – Қазақстанның тауар өндірушілер тізілімі.

«Тізілім цифрлық форматта болады. Сонымен қатар, скоринг жүйесі енгізіледі – бұл бизнес субъектісінің қаржылық тұрақтылығын бағалау жүйесі. Осы арқылы компаниялардың қызметіне тоқсан сайын мониторинг жүргізу жоспарлануда», – деп атап өтті Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілі. Бұл туралы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов айтты.

Индустриялық сертификат компанияда өндірістің бар екенін растайтын және кәсіпкердің өзі берген деректер негізінде рәсімделетін. Алайда кей жағдайларда кәсіпорынның қызметіне немесе өнім өндіруін растауға қатысты сұрақтар туындайтын. Осы себепті мемлекет отандық тауар өндірушілермен жұмысты жетілдіруді тапсырды. Сол үшін жаңа тізілім құрылды.

Жиында бұл тізілім – уақыт өте жаңарып, жетілдірілетін «тірі механизм» екені айтылды. Барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабарлау жоспарланып отыр. Тізілімді  желтоқсан айына дейін толықтыру қажет. Бұл бағытта Кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, салалық қауымдастықтардың белсенді қатысуы маңызды. Тізілімге дер кезінде кірген жағдайда, қазақстандық тауар өндірушілердің толыққанды дерекқоры қалыптасады.
Кездесу соңында кәсіпкерлер жаңа тізілімге қосылу, оған қойылатын талаптар және оларды толғандыратын басқа да мәселелер бойынша сұрақтарын қоя алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174