«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жасыл дәліз» жобасы: қосылыңыздар!

2015 жылғы 24 Маусым
17633 просмотров

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңның 14 бабы 12 тармағына сәйкес Палата кәсіпкерлік қызмет үшін серіктестер ретінде сенімділік деңгейіне қарай СЭҚ қатысушылары тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды және тізілімді жүргізеді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылғы 27 ақпандағы ҚР ҚМ және ҚР ҰКП арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісім негізінде ҚР ҚМ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыс комитетімен бірге «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының қазақстандық телімінде отандық адал ниетті компаниялар үшін кедендік процедураларды жеңілдету бойынша жұмыс жүргізеді (материалдарды мына жерден қараңыз).

2015 жылғы 27 наурызда Пекинде ҚХР Бас кеден басқармасы мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті арасында өзара сауданы ынталандыру және дамыту бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылып, оның аясында ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізіледі (Меморандум мәтінін мына жерден қараңыз).

Аталмыш құжатқа қол қою сыртқы экономикалық қызметке адал ниетті қатысушылар үшін кедендік формалдылықтарды жеңілдету мүмкіндігін береді.

Ұлттық палата ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті және бизнес-қоғамдастықпен бірге «Жасыл дәліз» жобасына қатысу үшін компаниялары іріктеу талаптарын айқындады (Жасыл дәлізге арналған ҰКП талаптарының мәтінін мына жерден қараңыз).

Талаптарды дайындау кезінде қазақстандық адал ниетті кәсіпкерлерді қолдау және келешекте дамыту сияқты тұжырымдамалық қағида негізге алынды. Іріктеу қандай да бір құжаттар тізбесін формалды түрде ұсынуға емес, нақты кәсіпкерлердің елдегі бизнес жүргізуге деген шынайы қатынасына негізделу үшін, компаниялар мынадай сапаларға ие болуға тиіс: қаржылық тұрақтылық; жоғары құқықтық сана және кедендік ережелерді ұстану; қазақстандық мазмұнды дамыту жолын ұстанушылық; салық төлеу толықтығы мен бухгалтерлік есеп жүргізудің ашық әдістерін қолданудан көрінетін жауапкершілік; Қазақстанда жұмыс орындарын құру; өзін өзі бақылауда ұстау және ұсынылған талаптарды қабылдау; іскерлік қатынастың барлық салаларында этикалық нормаларды сақтау.

Ұсынылған талаптарға сай келетін компаниялар СЭҚ адал ниетті қатысушылары тізіліміне кіргізіледі де, олардың тізбесі ҰКП, мемлекеттік органдар және БАҚ қатысуымен комиссия қарауынан кейін «Жасыл дәліз» жобасына қосу үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетіне жолданады.

Жобаға қосылу отандық компаниялардың қазақстандық-қытайлық шекарадан өтуіне және кедендік формалдылықтардан кедендік бақылаусыз бірінші кезектік тәртіпте өтуіне (сонымен бірге тауар құнын бақылау) мүмкіндік береді.

Компанияларды «Жасыл дәліз» жобасына іріктеуге арналған сауалнамалармен мына жерде танысуға болады:

Бұл сауалнама компаниялардың Ұлттық палата қалыптастыратын Адал ниетті компаниялар тізіліміне қосылуға деген қызығушылығын білдіру болып табылады. Қалыптастырылған тізілім www.palata.kz ресми сайтында орналастырылады

Компания сауалнаманы жолдай отырып сауалнамада берілген сұрақтарға жасалған жауаптардың дәйекті әрі талап етілгенде ұсынылатын құжатпен расталатын ақпаратқа негізделгенін растайды. Баяндалған мәліметтердің сәйкес келмеуі компанияның алдын ала іріктеу процесінен алынып тасталуына, не болмаса компанияның тізілімнен алынып тасталуына алып келуі мүмкін.

Назар аударыңыз: Сауалнаманы толтыру мерзімі  2015 жылғы 15-29 маусым аралығында жүреді.

Туындаған сауалдармен ҚР ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаментіне мына телефонға жүгініңіз: 8 (7172) 919 341.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер