«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жасыл дәліз» кеңейіп келеді

2015 жылғы 09 Шілде
8533 просмотров

Сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін «жасыл дәліз» кеңейтіледі

300 ірі заңға бағынышты импорттық тауар жеткізуші үшін жасыл дәліздің эксперименталды ашылуы өзін ақтады. Енді салық төлеушілер мен кеденшілер көптеген салық төлеушілер үшін жол ашпақшы.

ҚР Үкіметінің мұндай компанияларға кедендік тазарту құжаттарын тауарды ел аумағына әкелгенге дейін емес, әкелгеннен кейін беруге шешім қабылдағанын еске саламыз.

Бүгін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин тізбені кеңейту келешегі туралы жайып салды. Ол салықты уақытында және толық төлейтін, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандар жайлы ғана сөз болып отырғанын атап өтті.

«Жобаның оң нәтижелер бергенін ескере отырып, «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірге «жасыл дәлізді» кеңейту туралы, сонымен қатар бұл тәжірибенің «Сенім» жобасының аясында сыртқы экономикалық қызметтің басқа да қатысушыларына таралу мәселесін қарап жатырмыз», - деді Дәулет Ерғожин.

«Біз Қытайдың кедендік басқармасымен экономикалық уәкілетті операторларымыздың өзара мойындалуы жайлы келісімге келдік», - деп еске салды Қаржы министрлігі МТД басшысы.

Дәулет Ерғожин сонымен бірге ол үшін «өзіміздің үй жұмысымызды тындыруымыз қажет... атап айтқанда, осындай әділ уәкілетті экономикалық операторлардың пайда болуы үшін шынайы жағдай жасау қажет», - деп түсіндірді ол.

«Бүгінгі күні олардың саны жоққа тән. Бұрындары болған уәкілетті экономикалық операторлар, осы жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыстары мен қызметіне деген жаңа критерийлер мен талаптардың күшіне енуіне орай, өз әрекетін тоқтатқан еді. Сонымен қатар олардың жұмысына аздаған шағымымызда жоқ емес», - дейді МТД төрағасы.

Дәулет Ерғожин «экспорттық-импорттық операцияларды іске асыру кезінде кеден органдары талап ететін құжаттар тізбесін барынша қысқарту» туралы хабарлады.   

Төраға берген деректер бойынша, тауарларды экспорттау кезінде құжаттар саны үшке, импорт кезінде, транзит болмаған жағдайда, төртке қысқартылған.

«Транзит бар болып жатса, транзиттік декларация қосылады. Аталмыш бағытта өте жақсы серпін жасадық деп ойлаймын. Құжаттар санын қысқарту жөнінен барлық посткеңестік елдердің алдында келеміз», - деп атады Дәулет Ерғожин.  

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер