«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сатып алу жаңа тәртіппен жүргізіледі

2017 жылғы 01 Наурыз
- Павлодар облысы
6620 просмотров

Бухгалтерлер клубының қатысушыларына мемлекеттік сатып алу ережесіндегі өзгертулер туралы айтылды

Бұл мәселелерді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатсы Бухгалтерлер клубының кезекті отырысында талқылады.

Қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Әнел Жампейісованың айтуынша, Бухгалтерлер клубы – қатысушыларға туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге көмектесетін Өңірлік палатаның бизнес-қоғамдастығымен өзара іс-қимылдың жаңа түрі.

Айталық, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы өзгертулердің қолданысқа енгізілуіне байланысты көптеген сұрақтар туындады. Павлодар облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Жанар Сағынбаева енгізілген өзгертулердің жаңалығы туралы айтып берді. «Ең бірінші, бұл тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді жеткізудің актілерін рәсімдеуді тек веб-портал арқылы электронды форматта жүргізуге қатысты. Сонымен қатар, электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен жасалған шот-фактураларды тек электронды форматта рәсімдеу керек. Бұдан басқа, жеткізуші міндетті түрде жергілікті қамту үлесі туралы веб-портал арқылы электронды түрде рәсімделетін есеп беруі керек».

Жанар Сағынбаева атап өткендей, енгізілетін өзгертулер жеткізушілердің де, тапсырыс берушілердің де жұмысын айтарлықтай азайтады, сондай-ақ келісімшарттағы міндеттерін орындағаны үшін жүргізілетін төлем уақытын да қысқартады. Енгізілетін жаңалықтарда жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне, шартты жеңілдік иемденуіне, байқауға қатысуға өтінімдерді байқау комиссиясының қарауына, келісімшартты отырдауды қамтамасыз етуде жеткізуші бергенді тапсырыс беруші қайтару тәртібіне, тауар жеткізілген кезде жеткізушінің құжат беруіне қатысты қағидалар көтерілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер