«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатты алып тастау оның міндеттемелері бойынша қамтуды 16 есе төмендетуге мүмкіндік береді

2023 жылғы 23 Наурыз
- Ұлытау облысы
7472 просмотров

ТІЖ және виртуалды қойманы қолдану тоқтатылады. 1 сәуірден бастап мыңдаған қазақстандық бухгалтер мен шағын және орта бизнес өкілдері оны ресімдемейтін болды.


Осы жобаны іске асыру барысында ТІЖ және виртуалды қойманы пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру барысында барлық бизнес-қоғамдастық енгізіліп жатқан жүйелерге наразылық білдірген еді, өйткені бұл жүйе кәсіпорындарға қосымша салмақ салды.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ойластырылмаған шешімдері жеке сектордың жекелеген кәсіпорындарына ғана емес, жалпы елдің экономикасына да зиян келтірді.
Кәсіпкерлер сәтсіз пилоттық жобаны толығымен жоюды сұраған болатын.

ҚР Үкіметі азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға қатысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманы міндетті түрде үзінді көшірме бөлігінде жетілдіру жөніндегі өтініштерін талдау және қорыту бойынша жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 15 наурыздағы № 278 бұйрықта ТІЖ ресімдеу және «Виртуалды қойма» модулін қолдану бойынша оңайлату көзделген.

Енді Қазақстан Республикасының ішінде тауарларды сату кезінде ТІЖ тек 4 тауар санаты бойынша ресімделуі қажет: биоотын, алкоголь өнімі, мұнай өнімдері, қадағалауға жататын тауарлар.


Сондай-ақ, ЕЭО шеңберінде тауарларды импорттау/экспорттау кезінде виртуалды қоймаға байланбай, тауарларды ЕЭО-ға экспорттау кезінде қағаз ЭШФ-ты куәландырудың қолданыстағы тәртібін бір мезгілде сақтай отырып, ТІЖ жазып беру қажет.


Бұл ретте, 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап ТІЖ тауарлардың жекелеген түрлері (дәнді дақылдар) бойынша ЕЭО елдеріне экспорт, импорт кезінде жазып беріледі.


Енгізілген өзгерістер ҚР ішінде тауарларды өткізу кезінде ТІЖ міндеттемелері бойынша қамтуды 16 есе (80 мың СТ-дан 5 мың СТ-ға дейін) төмендетуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер