«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«2020 жылғы деңгейден төмен». Қазақстандық химия өнеркәсібінің төмендеуі не жаңа баж салығы

2024 жылғы 10 Желтоқсан
2261 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына химия өнеркәсібінің кәсіпкерлері өздерін мазалаған сауал бойынша жүгінді. Бүгінгі таңда қазақстандық химия саласының өнімдеріне жаңа экспорттық баж салығының енгізілуі әсер етті. Бұл қадам қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін төмендете отырып, ұлттық экономикаға елеулі әсер етуі ықтимал. Естеріңізге сала кетейік, Сауда және интеграция министрлігі бояулар, лактар, жанар-жағармай және антидетонаторлар сияқты қосылған құны жоғары тауарларға тоннасына 60$ баж салығын бекітуді ұсынады.

Шара №81 «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына негізделген.

Сала сарапшылары аталған жайт елдегі химия өнеркәсібінің қазіргі жағдайын одан әрі ушықтыратынын жеткізді. Бүгінде елімізде өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. Тек соңғы төрт жылда химиялық өндіріс теріс динамиканы көрсетті.

  • бояулар мен лактар өндірісі 2020 жылдан бастап 38,5%-ға төмендеген.
  • 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында майлау материалдары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға төмендеді.
  • басқа химиялық өнімдер, соның ішінде биодизель өндірісі 2020 жылғы деңгейден төмен.

Бұл жағдай өңделген өнім экспортының $36 млрд дейін өсуін және салық түсімінің 5,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюын көздейтін таяу бесжылдықта өңдеуші өнеркәсіпті дамыту Тұжырымдамасының мақсатына қауіп төндіруде.

Экспорттық құрылым және сын-қатер. Химия саласы өнімдерінің негізгі бөлігі баж алынбайтын ЕАЭО елдеріне экспортталады. Алайда, ұсынылған шаралар халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті төмендетіп, жеткізілім құнының өсуіне әкеледі. Қазақстандық компаниялар қазірдің өзінде дамушы елдермен бәсекелесуге мүмкіндік бермейтін ДСҰ шарттарына байланысты шектеулерге тап болып отыр.

Салалық ұсыныс. «KAZХИМИЯ» қауымдастығы баждарды енгізуді жою мүмкін болмаған жағдайда, баждарды экспортты квоталаумен алмастыру мүмкіндігін ұсынады, бұл жеткізілімдердің тұрақтылығын сақтауға, кедендік рәсімдердің мерзімдерін қысқартуға және отандық өндірушілерге қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар шетелдік өнімнің импортына тоннасына $60 баж салу ұсынылады, бұл бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етеді.

Қазақстанның химия өнеркәсібі – экспорт пен салық түсімдері өсуінің драйвері бола алатын экономиканың маңызды элементі. Жаңа баждарды енгізу туралы шешім бизнестің мүдделері мен өнеркәсіптік даму мақсаттарын ескере отырып, кешенді тәсілді талап етеді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оңтайлы шешімдерді талқылау және әзірлеу үшін мемлекет пен сала арасындағы диалог қажет екендігіне назар аударады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер