«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО-да Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау өтті

2025 жылғы 05 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
1499 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында өңір экономикасының негізгі салалары бойынша 8 салалық кеңес жұмыс істейді: Атап айтқанда, Адами капиталды дамыту жөніндегі кеңес, Туризм жөніндегі кеңес, креативті индустрияны дамыту, құрылыс, машина жасау, сауда, агроөнеркәсіптік кешен және ййелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесі.

Айта кетейік, сайлау Ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Өңірлік кеңеске үміткерлер салалық және аудандық кеңестердің мүшелерін, сондай-ақ кәсіпкерлер палаталарында аккредиттелген қауымдастықтарды сайлау арқылы ұсынылды. Өкілеттік мерзімі - төрт жыл.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, 31 өтінім жасалды. 10 Аудандық кеңестен 15 өтінім, 8 Салалық кеңестен 16 өтінім берілді. 23-24 желтоқсан аралығында үміткерлерді сайлау өткізілді. Өңірлік комиссия ең көп дауыс саны бойынша сегіз өкілді анықтады.

«Өңірлік кеңестің жаңадан сайланған мүшелеріне бизнестің түрлі салаларының проблемаларын ілгерілету және шешу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Егер 2024 жылмен салыстырсақ, кәсіпкерлерден жер қатынастары, туризм, құрылыс, сауда, білім беру, АӨК мәселелері бойынша өтініштер көп болды. Жаңа құрам кәсіпкерлеріміздің бизнес бастамаларын ілгерілету бойынша табысты жұмыс істей алатынына сенімдімін», - деп атап өтті Қайрат Мамырбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер